
- •1.Экономикалық теорияның даму кезңдері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны:
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні. Экономикалық теорияның функциялары.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері:
- •5.Экономикалық заңдылықтар,түрлері. Экономикалық категориялар
- •7.Экономикалық қажеттілік, игіліктер.
- •9.Экономикалық ресурстар, түрлері. Ресурстар шектеулілігі.
- •10.Өндіріс, ұдайы өндіріс.Қоғамдық өнім сатылары, мәні,нәтижелері.
- •11.Қоғамдық өндіріс құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс.
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •12.Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •14.. Меншік.
- •15.Жекешелендіру. Мемлекет иелігінен алу. Жекешелендірудің тәсілдері
- •16.Жекешелендірудің түрлері,мақсаты.
- •17.Қазақстан республикасындағы жекешелендіру кезеңдері.
- •18.Экономикалық жүйелерді жіктеу негіздері. Экономиканың негізгі проблемалары
- •19.Экономикалық жүйелер турлері, мәні, артықшылықтары, кемшіліктері
- •20.Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: Натуралды және тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар, қасиеттері.
- •21.Құн заңы. Ақшаның концепциясы металдық, номиналдық, сандық
- •23.Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның атқаратын қызметі,мысалдар
- •24.Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың пайда болуы.
- •25.Нарық инфрақұрылымы.Нарық,нарық түрлері.
- •27. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері .
- •28.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңдері.
- •29. Қазақстан-2030 Стратегиясының басымдықтары
- •30.Нарықтың мәні, элементтері
- •31. Бәсеке түрлері
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •36. Кәсіпкерліктің ұжымдық – құқықтық формалары , артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Бухгалтерлік шығындар Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •41. Кәсіпорын табысы мен пайдасы,түрлері.Экономикалық тиімділік.
- •42. Сұраныс. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы. Субститут, комплементар тауарлар.
- •43. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы.
- •44. Тепе-теңдік баға. Тепетеңдіктің бұзылуы.
- •45. Икемділік. Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •46. Тұтынушы мінезқұлқының негізгі теориялары. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік теориялары.
1.Экономикалық теорияның даму кезңдері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны:
Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар-ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрас математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Экономикалық теория адамның шектеусіз қажеттіліктерінің қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстардың мәні экономиялық категория мен экономикалық заңдарда қарастырылады.