Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_vide_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
276.8 Кб
Скачать

8. If, switch тармақталу операторлары. Шартты оператордың құрылымдық сұлбасы.

Қандай да бір шарттың орындалуынан тәуелді құрастырғышты тармақталу деп атаймыз.

Тармақталу операторлары: if, switch.

if шартты операторы есептеу үрдісінің екі бағытта тармақталуы үшін қолданылады.

Оператор форматы:

if (өрнек) оператор_1; [оператор_2;]

Шартты оператордың құрылымдық схемасы:

Мысалы:

#include <iostream.h>

#include <math.h>

int main () {

float x, y; int san;

cout<< “нысананың координаталарын енгізіңіз:\n”;

cin>>x>>y;

if (x*x+y*y<1) san=2;

else

if ((x*x+y*y>1)&&(x*x+y*y<4)) san=1;

else san=0;

cout<<“\n Ұпай саны”<<san;

return 0;}

Үтір (,) операторы - бір жолда жазылған 2 өрнекті тізбектеп орындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде үтірдің оң жағында орналасқан өрнектің мәні қабылданады.

Мысалы:

#include <iostream.h>

#include <math.h>

int main () {

float x, y; int san;

cout<< “нысананың координаталарын енгізіңіз:\n”;

cin>>x>>y;

if (x*x+y*y<1) san=2;

else

if ((x*x+y*y>1)&&(x*x+y*y<4)) san=1;

else san=0;

cout<<“\n Ұпай саны”<<san;

return 0;}

Үтір (,) операторы - бір жолда жазылған 2 өрнекті тізбектеп орындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде үтірдің оң жағында орналасқан өрнектің мәні қабылданады.

switch операторы есептеу үрдісін бірнеше бағытта тармақтау үшін арналған.

Оператор форматы:

switch (өрнек) {

case тұрақты өрнек_1: [1_ оператор_ тізімі]

case тұрақты өрнек_2: [2_ оператор_ тізімі]

case тұрақты өрнек_n: [n_ оператор_ тізімі]

[default: операторлар]

}

switch оператор ын ың құрылымдық схемасы:

Мысалы:

#include <iostream.h>

#include <math.h>

int main () {

int a, b, c; char op;

cout<< “\n 1-ші операндты енгізіңіз:”; cin>>a;

cout<< “\n Операция таңбасын енгізіңіз:”; cin>>op;

cout<< “\n 2-ші операндты енгізіңіз:”; cin>>b;

bool f=true;

switch (op) {

case ‘+’: c=a+b; break;

case ‘-’: c=a-b; break;

case ‘*’: c=a*b; break;

case ‘/’: c=a/b; break;

default: cout<<“\n Белгісіз операция”; f=false;

}

if (f) cout<<“\n Нәтиже: ”<<c;

return 0;

}

9.For, do while, while циклдік операторлары.

Кез-келген күрделі есептерді шығару кезінде үш құрылымнан (реттік, тармақталу, цикл) тұратын программаны құруға болады. Оларды құрылымдық программалаудың базалық құрастырғыштары деп атайды. Цикл оператордың бірнеше рет орындалуын білдіреді.

for цикл операторы

C++ тілінде үш циклдік оператор бар:

Жазылу форматтары:

while (өрнек) оператор

do оператор while өрнек;

for (инициализация; өрнек; модификация) оператор;

С++ тілінде 4 басқаруды беру операторы бар:

  • goto шартсыз өту операторы;

  • break циклдан шығу операторы;

  • continue циклдың келесі итерациясына көшу операторы;

  • return функциядан қайтару операторы.

  • goto шартсыз өту операторының форматы:

  • goto белгі;

  • break циклдан шығу операторы цикл операторларының ішінде қолданылады немесе switch операторынан шығуды қамтамасыз етеді.

  • continue циклдың келесі итерациясына көшу операторы цикл денесінің аяғына дейінгі операторларды бос жіберіп, басқаруды келесі итерацияға береді.

  • return функциядан қайтару операторы функцияның орындалуын аяқтап, басқаруды шақыру нүктесіне береді.

Параметрлі цикл схемасы:

Арифметикалық прогрессия сияқты For операторының жазылуы:

for(x=x0;x<=xk;x+=dx)

{

<1-оператор>;

<2-оператор>;

. . .

<n-ператор>;

}

n Мұндағы өрнек1: x=x0; – цикл айнымалысының бастапқы мəні, өрнек2: x<=xk; – циклдің қайталану шарты, өрнек3: x+=dx – цикл айнымалысының қадам мөлшеріне артуы.

For цикл операторында өрн3 ретінде жалпы дұрыс жазылған кез келген өрнекті пайдалануға

болады. Мысалы:

for (d=0.1; d<50; d*=5)

printf(“%f”,d);

For цикл операторында бір немесе бірнеше өрнектерді жазбауға да болады, бірақ мұндайда ;

символын міндетті түрде өз орындарына жазыпотыру керек, мысалы:

x=2;

for(n=4; x<=100;)

x=x*n;

For цикл операторында құрама өрнектер-ді «,» операциясы арқылы жазуға да болады,мұндайда бөлектенген өрнектер солдан оңға қарай есептеледі. Мысалы:

int x,y;

for (x=1,y=9;x<=10; x++,y--)

printf(“%d%d\n”, x,y);

Мұнда өрн1 орнына екі өрнек жазылған(x=1,y=9;) жəне олар x,y айнымалыларын өзгерту үшін қолданылады. Ал соңында өрн3 9 орнына да екі өрнек (x++,y--)жазылған.

Do while цикл операторы

Шарты соңынан тексерілетін do … while циклінің схемасы

Жалпы жазылу түрі:

do

{

1-оператор;

2-оператор;

… … …

n-оператор;

}

while (өрнек);

Do ... while циклінде шарт соңында тексерілетін болғандықтан,оның тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл соңында жазылған while(өрнек) өрнек ақиқат болса (немесе 0-ге тең болмаса), цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса (немесе 0-ге тең болса), цикл аяқталады.

While цикл операторы

Шарты алдын ала тексерілетін цикл схемасы:

Оның жазылуы:

While ( шарт-өрнек)

{

1 оператор;

2 оператор;

......

N оператор;

}

Мұнда шарт-өрнекке кіретін айнымалы цикл ішінде өзгеріп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]