
- •4. Идентификаторлар. Түйінді сөздер. Тұрақтылар.
- •5. Функцияларды хабарлау және анықтау. Функцияның параметрлері. Рекурсивті функциялар.
- •6. Негізгі мәліметтер типтері. Унарлы, бинарлы, тернарлы операциялар.
- •7.Программа құрылымы. Айнымалылар және өрнектер.
- •8. If, switch тармақталу операторлары. Шартты оператордың құрылымдық сұлбасы.
- •9.For, do while, while циклдік операторлары.
- •10. Goto, Break, continue, return басқаруды беру операторлары
- •11.Нұсқауыштар мен жиымдар. Екі өлшемді жиымдар.
- •Int ivar,*iptr;
- •12. Қатарлар. Қатарларға қолданылатын функциялар
- •13. Typedef, enum қолданушы анықтайтын мәліметтер типтері.
- •14. Struct, union қолданушы анықтайтын мәліметтер типтері.
- •16. Объектіге бағытталған программалаудың негізі. Базалық кластың хабарлануы, анықталуы.
- •17. Конструктор және оның қасиеттері. Көшіру конструкторлары.
- •18. Конструкторлар және қатарларды меншіктеу. Қатардың бөлігін қосу және меншіктеу функциялары.
- •19.Конструкторлар.Қатарларды түрлендіру, қатардың құрамын іздеу
- •22. Мұрагерлік. Жай және көптік мұрагерлік.
- •23. Абстрактілі класс. Виртуалды функциялар.
- •24. Ағымдар. Стандартты, файлдық және қатарлық ағымдар.
- •25. Манипуляторлар. Жай және параметрлі манипуляторлар
- •26. Stl (Standard Template Library) кітапханасының құрылымы. Итераторлар.
- •27. Тізбекті контейнерлер. Векторлар, кезектер.
- •28.Екі жақты кезектер, стектер, тізімдер
- •29. Ассоциативті контейнерлер. Сөздіктер. Жиындар.
- •30. Stl (Standard Template Library) кітапханасының құрылымы
7.Программа құрылымы. Айнымалылар және өрнектер.
1) #include директивасы. Бұл программаға көрсетілген файлдағы мәліметтерді қосады. Бұл директиваның екі формасы бар:
#include “басты файл “
# include <басты файл>
Егер «файл аты» тырнақшада берілсе, онда файл сәйкес көрсетілген маршрутпен анықталатын орыннан, ал ол көрсетілмесе жұмысшы каталогтан ізделеді. Егер файл аты бұрыштама жақшада (< >) берілсе, онда файл стандартты директориядан ізделеді. Басты тақырыптық файлдар: iostream.h, assert.h, float.h, math.h, ctype.h, limits.h, setjmp.h, errno.h, locale.h, signal.h, stdarg.h, stddef.h, stdlib.h, string.h, time.h.
2) #define директивасы. #define – директивасы жиі қолданылатын тұрақтыларды, қызметші сөздерді, операторларды және өрнектерді кейбір идентификаторлармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
С++ тіліндегі ағымдық енгізу-шығару: С++ тілінде <iostream.h> тақырыптық файлында анықталған енгізу-шығару операторлары (cin, cout) бар. С тілінде айнымалылар арнайы форматтар мен типтері анық көрсетілу арқылы орындалса, С++ тілінде << - операторы мәлімет типін және форматын таңдайды, ал >> - операторы қабылданатын мәннің адресін, форматын анықтайды.С++-те де үш ағымдық класс қарастырылған: istream - енгізу; ostream - шығару; iostream - енгізу-шығару. Шығару: С-де: printf (“ бүтін сан = %d, нақты = %f”, ia, fb); Си++-те: cout << “бүтін сан” <<ia <<“ нақты = “ <<fb; Енгізу: Си-де scanf (“%d %f”, &ia, &fb); Си++-те: cin >>ia >> fb; Бұл жолдарда endl манипуляторы тіркелуі мүмкін. Мысалы, cout << “бүтін сан = ” <<іа<<endl; Манипулятор дегеніміз -ағымға қатысты нақты әрекет орындайтын арнайы функция. endl манипуляторы – жаңа жол символын қоюмен қатар ағым буферін тазартады.Ағымдық енгізу-шығаруды пайдалану: С++:
#include <iostream.h>
#include <math.h>
main()
{float a, b, c, p, s
cout<<"na="; cin>>a;
cout<<"\nb="; cin>>b;
cout<<"\nc="; cin>>c;
p=(a+b+c)/2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
cout<<"\nүшбұрыш ауданы=“<< s); return 0;}
С++ тілінің базалық жабдықтары: тіл құрамы,тіл алфавиті (идентификаторлар, операциялар таңбалары, тұрақтылар) және комментарийлер. Кез-келген тілдегі мәтінде төрт негізгі элементті бөліп көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Алгоритмдік тіл де осындай элементтерден тұрады: символдар, лексемалар, өрнектер, операторлар. Лексемалар символдардан, өрнектер лексемалардан және символдардан, ал операторлар символдардан, лексемалардан, өрнектерден тұрады: Символдар- негізгі бөлінбейтін таңбалар;Лексема- өзіндік мағынасы бар тіл бірлігі; Өрнек- қандай да бір мәннің есептелу ережесі;Оператор- қандай да бір істің аяқталған сипаттамасы. Тіл алфавиті: бас және кіші латын әріптері; 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары; Арнайы белгілер: [] {} , . ( ) + - / * \ % ; : ? < > = ! & # ^ “ ' бос орынды символдар: бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу символы. Символдардан лексемалар құралады: идентификаторлар; түйінді сөздер; операция таңбалары; тұрақтылар; бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір, бос орынды символдар). Идентификаторлар– программалық объектінің аты. Әріп немесе сызық таңбасы идентификатордың бірінші символы болуы мүмкін, бірақ цифр бола алмайды. Түйінді сөздер – компилятор үшін арнайы мәні бар резервтелген идентификаторлар. Операция таңбалары– операндтарға қолда- нылатын бір немесе бірнеше символдар. Тұрақтылар - өзгермейтін шамалар.Комментарийлер – компилятор үшін маңызы жоқ программаның бөлігі және программа мәтінін оқу ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Ол // символынан басталады. Мәліметтерді өңдеу кез-келген программаның негізгі мақсаты болып табылады. Әр түрлі типтегі мәліметтер әр түрлі сақталады және өңделеді. Негізгі мәліметтер типтерін сипаттау үшін келесі түйінді сөздер анықталған: int (бүтін); char (символды); wchar_t (кеңейтілген символды); bool (логикалық); float - 3.4E- 38 және 3.4E+38 аралығындағы нақты сандар. 4. double – 1.7E-308 –1.7E+308 аралығындағы жылжымалы нүктелі сандар. С++ тіліндегі программа препроцессор директивасынан, сипаттамалардан және функциялардан тұрады. Программа құрылымы: препроцессор директивалары
сипаттамалар
int main ()
{
бас функция операторлары
}
Программадағы бір функция main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторынан басталады. Функцияның қарапайым анықталуының форматы: қайтарылатын_мәннің_типі аты ([параметрлер])
{функция денесінен құрайтын операторлар}
Функция қандай да бір мәнді есептеуден басталады, сондықтан оның типі көрсетілуі керек.Қажетті мағлұматтар:
егер функция мән қайтармаса, void типі көрсетіледі;
функция денесі блок болып табылады, сондықтан фигуралы жақшаға алынады;
әрбір оператор үтір-нүктемен аяқталады.
Айнымалыларды хабарлаудың негізгі формасы- ның түрі:
Тип <айнымалылар_тізімі>;
Мысалы: int x, y, z;
Сипаттау кезінде айнымалыға бастапқы мән беруге болады, оны инициализация деп атайды. Инициализаторды екі түрлі формада беруге болады:
теңдік белгісімен
=мән немесе жай жақшамен (мән). Тұрақты хабарлау кезінде инициализациялануы тиіс. Мысалы: const char с=‘с’;
Блок ішінде анықталған айнымалы жергілікті, ал блок сыртында анықталған айнымалы ауқымды деп аталады. Кез-келген программада есептеулер жүргізіледі. Мәндерді есептеу үшін өрнектер қолданылады. Өрнектер операндтардан, операция таңбаларынан, жақшалардан тұрады. Әрбір операнд өз кезегінде өрнек, болмаса оның жеке жағдайы - тұрақты немесе айнымалы болып табылады. Өрнектің нәтижесі мәнмен немесе типпен сипатталады.