Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаным я тя люблю!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
138.56 Кб
Скачать

13.Фискалдық экономикалық саясат

Фискалдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттің ақшалай табыстары мен шығыстарына байланысты. Рыноктық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болып табылады. Фискалдық саясат қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі түрлері мен формаларын біріктіреді.

Фискалдық саясат мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу, көзделген шараға жұмсау іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі экономикалық саясат мақсаттарын атқаруды көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорларының бастауларын, оларды қалыптастыру тәсілдерін іздестіру болып табылады.

Фискалдық саясат құралдарын мемлекет жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ету үшін, дағдарысқа қарсы шаралар қолдану үшін пайдаланылады.

Макроэкономикалық қаржы-бюджеттік саясатты елдегі жалпы экономикалық жағдайға байланысты екі басты желіні ерекшелеуге болады. Оларға фискалдық саясаттың шектеулі және кеңейтілген сипаттары жатады.

Экономикалық дүмпу, жедел экономикалық өсу кезеңінде фискалдық саясат өсу параметрлерін белгілі бір шектерде ұстап тұру үшін шектеуші сипат алады. Ал, экономикалық дағдарыс, экономикалық белсенділіктің баяулауы кезеңінде фискалдық саясат кеңейтілген сипат алады, яғни экономиканы «қыздыруға», өндірісті кеңейтуге, құлдыраудан жоғарылауға бағыт ұстайды.

Экономикалық циклдың қарама-қарсы фазаларына сәйкес бұл екі курстың арасында тұрақтандырушы фискалдық саясат деп аталатын үшінші курс әрекет етеді.

Тұрақтандыру саясаты – бұл жалпы ішкі өнім көлемін қалыптасқан жағдайға сәйкес деңгейге жақындату мақсатындағы мемлекеттің қаржы ағындары мен ақша айналымын реттеу іс-әрекеттері болып табылады. Тұрақтандыру саясаты – экономиканың азды-көпті орнықтылығы жағдайына сай келетін фискалдық саясаттың типтік формасының көрінісі. Ол, бір жағынан тұрақсыз дағдарыстық жағдайдың алдын алады және екінші жағынан макроэкономикалық көрсеткіштерді оңтайландыруға жақындатып, қалыптасқан экономикалық ситуацияны жақсартуға көмектеседі.

Заңнамалық актілерге ықтимал тұрақсыздықтың алдын алатын нормативтерді түгелдей кіргізу қолдан келмейтін мәселе. Сондықтан көмекке мемлекеттік органдардың оперативті реттеуі, сәйкессіздіктерге ағымдағы жауап қатуы, дискрециялық (ерекше өкілеттік) саясат құралдары келуі қажет. Дискрециялық фискалдық саясат – бұл қосымша қабылданатын немесе тұрақты қолданыстағы ережелер мен нормаларды өзгертетін мемлекеттік оперативті қаржылық шаралар жиынтығы. Автопилот ұшақты басқара алмаған кезде ұшқыштың штурвалды өз қолына алатыны сияқты, үкімет те бұрын қабылданған заңдардың тұрақтылықты ұстап тұруға күші жетпеген жағдайда дискрециялық саясатты қолға алады.

Дискрециялық фискалдық саясатты жүзеге асыру әдістеріне қоғамдық жұмыстар, материалдық жәрдем, салық қойылымдарын өзгерту сияқты әдістер жатады.

Сонымен, фискалдық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың ең қуатты бағыты ретінде, қаржыландырудың, бюджеттеудің, салық салудың әртүрлі құралдарын тиімді қолданады.