- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
Экономиканы мемлекеттік реттеуде биліктің жүргізіп отырған экономикалық саясаты маңызды рөл атқарады. экономикалық саясат – бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс-әрекеттердің басты желісі, экономикалық үдерістерге қажетті бағыт берудегі мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы. Экономикалық саясатта үкімет жүзеге асырып жатқан курс (бағдар) өзінің тікелей көрінісін табады. Өзінің мәні бойынша экономикалық саясат елдің, мемлекеттің, халықтың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, күнделікті тәжірибеде іске асыруы қажет. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарын практика жүзінде дәлелдейтін үкімет болғандықтан мемлекеттік экономикалық саясатта үкіметтің өзінің көзқарастары айқындалады. Азаматтардың экономикалық саясатқа әсері, олардың үкіметке әсері дәрежесімен шамалас келеді.
Экономикалық саясат мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатпен, мемлекеттік идеологиямен, әскери саясатпен тығыз байланыста мемлекеттің саяси доктринасын сипаттайды. Сонымен бірге ол мемлекеттік саясат жүргізудің экономикалық алғышарттарын, экономикалық базисін құруға мүмкіндіктер туындатуы тиіс. Елдегі саяси күштер, партиялар, қозғалыстар мемлекеттің экономикалық курсына, экономикалық саясатқа едәуір әсер ете алады.
Экономикалық саясат заңдар, президенттік жарлықтар, үкімет қаулылары және басқа да нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалар, ағымдағы шешімдер арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік экономикалық саясат жүргізудің нақты құралдарына, ең алдымен салықтар, мемлекеттік шығындар, трансферттер сияқты фискалдық саясат тетіктері жатады.
Фискалдық құралдар көмегімен мемлекет көздеген мақсатқа және оны атқару шараларына сәйкес ақша ағындарының көлемі мен бағытын өзгертуге мүмкіндік алады.
Фискалдық құралдармен қатар экономикалық саясаттың ақша-кредиттік құралдары да едәуір рөл атқарады. Олардың қатарында ақшаның жалпы массасы және оған қол жетімділік, қарыз пайызының қойылымдары (ұлттық банктің есептік қойылымы, резервтеу нормасы, басқа да орталықтандырылған нормативтер) бар.
Сыртқы сауда және сыртқы экономикалық саясатта мемлекет экспорттық-импорттық тарифтерді, кедендік баждарды, тауарлар мен капиталды әкелу мен әкетуге квоталарды қолданады.
Толықтай алғанда мемлекеттің экономикалық саясат түрлеріне фискалдық (қаржылық-бюджеттік), монетарлық (ақша-кредиттік), сыртқы экономикалық іс-әрекеттер жатады.
Ал, әлеуметтік, құрылымдық, инвестициялық, институционалдық, аймақтық, аграрлық, ғылыми-техникалық, салықтық, банктік, бағалық, антимонополиялық, экологиялық, сыртқы экономикалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
Мемлекеттің мақсаттары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне, тарихи-ұлттық дәстүрлерге тәуелді. Әрбір елдің өзіне тән басымдықтары, мемлекеттік даму талғамдары болады. Бұлар үкіметтің ұстанымын, қоғамдық пікірді, үстемдік құрушы сана-сезімді айқындайды.
Рыноктық қатынастар орнаған елдерде мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаты рыноктың өзі шешуге қабілетсіз, яғни рыноктық механизмге «бағынбайтын» міндеттерді атқару деп санайтын пікірлер баршылық. Мұндай ұстаным жағдайында мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары мемлекеттік реттеу мақсаттарымен ұштасады.Экономикасы жоғарылау үстіндегі немесе жоғарылау күтілетін жағдайда экономикалық саясат мақсаттары экономикалық өсу мақсаттарымен жалғасады. Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар елдер үшін алдыңғы қатарға мемлекеттік экономикалық саясаттың әлеуметтік мақсаттары шығады. Мұндай мақсаттар көбінесе экономикалық мақсаттармен қиюласады. Мемлекеттік саясаттың әлеуметтік мақсаттарының алға шығуы және олардың экономикалық мақсаттармен байланыста болуы АҚШ, Германия, Швеция сияқты елдерге тән.Мемлекеттік экономикалық саясаттың ең көп тараған әлеуметтік мақсаттарына экономикалық еркіндік пен экономикалық әділеттілік жатады. Экономикалық еркіндікті экономикалық, кәсіпкерлік қызметтің формалары мен түрлерін таңдау еркіндігі, өз қаражатыңды бөлу мен пайдалану тәуелсіздігі деп түсінген абзал. Экономикалық әділеттілік мақсаты барша халыққа адалдық, мейірімділік тұрғысынан қарау, олардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескеру, олардың тіршілікте өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануына бірдей жағдай жасау деп қарастырған ләзім. Мемлекеттік экономикалық саясаттың анығырақ және нақты мақсатына халықты әлеуметтік қорғау мәселесі жатады. Әлеуметтік қорғау – бұл мемлекеттің азаматтарды экономикалық тәуекелдерден қорғап, әрбір адамды минималды игіліктермен қамтамасыз етуде болса керек. Мемлекет өз азаматтарын жұмыссыздықтан қорғауға, қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларына көмектесуге, бақытсыз оқиғалардың салдарын жеңілдетуге міндетті.Мемлекеттік экономикалық саясаттың әмбебап мақсаты бүкіл ұлттық шаруашылық көлемінде әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің жоғары деңгейіне жету болып табылады.Мемлекеттік экономикалық саясаттың тағы бір жиынтық мақсаты, «жалпыэкономикалық тепе-теңдік» деген атаумен белгілі. Жалпыэкономикалық тепе-теңдік – бұл сиқырлы төртбұрыш деп аталатын бағалар тұрақтылығы, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі, салыстырмалы экономикалық өсу, сыртқы сауда операцияларының теңгерімділігі (баланстылығы) болып табылады.
