
- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
Әлемдік және Қазақстанның өзіндік тәжірибесін алып қарастыратын болсақ, онда іс-әрекеттің алғашқы адымдары бағдарламалық шаралар тізбесі толық бағындырылған стратегиялық мақсатты анықтаудан басталады. Қатал дағдарыстардан шығуға арналған жемісті бағдарламалардың түгелі дерлік экономикалық дамудың мақсаты және оған жету жолдарын анықтаудан басталып соның негізінде орта мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалар жасау арқылы жалғасын табады. Экономикалық өсудің интенсивті типінің мәні бойынша қосымша тұтыну құнын еңбекке тартылған жұмысшы күшінің еңбек өнімділігін арттыру, ұдайы өндіріс үдерісінің барлық элементтерін сапалық жағынан жаңарту арқылы жасауға болады.
Егер, экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды сандық жағынан өсіру арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік болса оларды интенсивтік сипаттағы факторлармен біріктіру негізінде қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасап, өндіріс дамуы қарқынын жеделдете түсіп, экономикалық тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.
Экономикалық өсудің интенсивті типін қалыптастыру қосымша шығындармен байланысты емес деген көзқарас та шаруашылық жүргізу практикасына қарама-қайшы көзқарас болып табылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай «өндірісті ұлғайтудың (кеңейтудің) басым интенсивті типі» және «өндірісті интенсификациялау» категорияларындағы өзгешеліктерді түсіндірудің өзі едәуір қиыншылықтар туғызады. Егер өндірісті ұлғайтудың басым интенсивті типі еңбек өнімділігін және оның техникалық жарақтануын арттырумен байланысты экономикалық өсудің әдісі болса, онда өндірісті интенсивтендіру дегеніміз өндіріс элементтерінің әрекетін және оларды пайдалану қарқынын күшейту болып табылады.
Экономикалық мәні бойынша интенсивтендірудің процесс ретіндегі ерекшелігі, оның шығынсыз атқарылуында болса керек. Интенсивтендіру құрал-жабдықтарды қалыпты қуатына жеткізу мақсатында еңбек қарқынын жоғарылатумен байланысты мүмкін болады.
К.Маркс интенсивтендіру және ұдайы өндірісті ұлғайтудың интенсивті типі деген ұғымдарды ажыратқан болатын. Өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануды интенсивтендіру туралы ол былайша жазған еді: «Сол қалпындағы еңбек құрал-жабдықтарының, яғни сол қалпындағы негізгі капиталдың тиімділігін жыл сайынғы пайдалану уақытын ұлғайту арқылы да, сондай-ақ оны қолдануды интенсивтендіру арқылы да арттыруға болады». Маркс жұмысшы күшінің тұрақты саны жағдайында «авансталған капиталды көбейтпей-ақ» олардың еңбек қарқындылығын арттыруға болатындығын да қарастырған еді.
Дамыған елдердің соңғы он бес жыл ішіндегі ресурстарды үнемдеу жолындағы үлкен табыстары пайданы бөлу қатынастарын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу процесіне тікелей қатысушылардың экономикалық мүддесіне қозғау салатын механизмдермен тығыз байланысты болуы. Интенсивтендіру экономикалық өсудің интенсивті типімен өзара байланысты. Себебі, экономикалық өсудің интенсивті типі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының салыстырмалы жоғары деңгейін көрсетеді және ол затқа айналған еңбектің қорлану көлемімен және жоғары білікті жұмысшы күшімен сипатталады.