Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаным я тя люблю!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
138.56 Кб
Скачать

59. Орталық банктің қызметтері

Республиканың Орталық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Қазақстан Республикасының Орталық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.  Орталық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиялық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Орталық банкінің эмиссилауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Міндетті резервтер нормасының өзгерісі. Міндетті резервтер – Орталық

банктің арнайы есеп шотында сақталынуы тиіс коммерциялық банктер

депозиттерінің бір бөлігі және оларды активті операциялар ‰шін қолдануға

болмайды. Бұл резервтер екі қызмет атқарады: 1) өз салымшылары алдындағы төлем міндеттемелерін орындау және басқа банктермен есеп айырысу үшін коммерциялық банктердің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз етеді; 2) олар ақша массасын реттеу ‰шін Орталық банктің құралы болып табылады. Міндетті резервтер нормасының өзгерісі коммерциялық банктердің несие-қаржылық әлеуетіне тікелей әсер етеді және ақша мультипликаторы арқылы экономикадағы ақша ұсынысына ықпал етеді.

60. Жоспарлаудың қағидалары

Жоспарлаудың негізгі әдістемелік қағидалары:

- ғылымилық қағидасы, яғни жоспарлар экономикалық даму заңдары мен

заңдылықтарын терең танып-білу мен пайдалану кезінде әзірленеді, ҒТП-ң,

математиканың және басқа ғылымдардың жетістіктерін пайдаланады;

- әлеуметтік бағытталу және қоғамдық қажеттіліктердің басымдылық

қағидасы; бұл қағида бойынша жоспарлау ең алдымен адам мен қоғамның

мүдделеріне сай жасалуы тиіс;

- қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қағидасы, яғни барлық мақсаттар

мен міндеттер аз шығындармен жүзеге асырылуы тиіс;

- теңгерімділік және үйлесімділік қағидасы бойынша үлестердің ұлттық

мүддеге сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін рыноктық механизмге түзетулер енгізу қажет;

- басымдылық қағидасы экономиканың дамуында басымдылықты

бағыттарды таңдау қажеттігін білдіреді, өйткені ресурстар әрқашан шектеулі,

ал қажеттіліктер шексіз;

- қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттердің келісімділік

қағидасы әртүрлі жоспарлы құжаттардың үйлесімді, бір бағытта болуын, олардың бір-біріне қайшы келеді.