
- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
53. Экологиялық реттеу
Экологиялық реттеу (Экологическое регулирование) — қоршаған ортаның ластануын тежеу, шектеу және жою жөніндегі өкімет органдарының қодданатын шараларының белсенді жүйесі мен экологияны басқарудың тиімді тұтқасы. Экологиялық реттеу мемлекеттің экологиялық буыңдарының маңызды бір бөлігі. Оның жекелеген элементгері антика кездерінің өзінде-ақ көрініс тауып, қолданыла бастаған. Солай дегенмен, ол өзінің толық мәндік атауына, әмбебаптық қасиетіне 1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында ғана, бүкіл дүние жүзінің дамыған ірі елдерінің экологиялық дағдарысқа тап болуына байланысты ие болды.
54. Кедендік реттеу
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие және амортизациялық саясат.
Негізгі капитал амортизациясы – бұл оның физикалық және моральдық тозу, көнеру процесі. Амортизация негізгі капиталдың тозған және көнерген заттай элементтерін жаңасына алмастыруды білдіреді.
Салықтар арқылы жүзеге асырылатын ЭМР құралдарының арасында негізгі капиталды жеделдетілген амортизациялық есептен шығару және онымен байланысты қаржы министрлігі шешімі аясында жүзеге асырылатын жасырын резервтерді қалыптастыру мен жүргізу ерекше орынға ие. Жеделдетілген деп амортизациялық қорға құралдарды оларды пайдалану кезеңінен гөрі қысқа мерзімде есептен шығару аталады.
Нарықтық экономикалы елдерде қазіргі таңда амортизациялық есептен шығарудың келесідей түрлері пайдаланылады:
- сызықтық немесе ропорционалды;
- қосымша (амортизациялық аударымдар сомасы есептен шығарылатын объектінің бастапқы құнынан асып кеткенде);
- ерекше (шаруашылық қызметті бүтіндей немесе селективті жандандыру мақсатында бұрын белгіленген жеңілдіктер үстіне амортизациялық аударымдар нормасын уақытша көбейткенде);
- алдын ала (амортизациялық есептен шығару машнаның немесе ғимараттың жұмыс істеуді бастағанға дейін жүзеге асырылғанда);
- Дегрессивті (кемімелі) (аударым негізгі капиталдың заттай тасушысының бастапқы емес, баланстық құнынан жүзеге асырылғанда).