Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаным я тя люблю!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
138.56 Кб
Скачать

4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.

Мемлекеттік реттеудің методологиялық негізін ұзақ мерзімді болжамдар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрайды. Солардың ішінде мемлекеттік реттеудің объектісі болуы тиіс басым стратегиялық мәселелер баршылық. Олардың негізгілерін атап көрсетейік:

1. Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. «Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ мерзімді инвестициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның демографиялық дамуымен тікелей байланысты.

2. Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру.

3. Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды дегендерінің бірі болып табылады.

4. Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр.

Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық процестер жатады.

Мемлекет ықпалында болатын негізгі объектілер мыналар: Ұлттық шаруашылықтың салалық, өңірлік, ұдайы өндірістік және әлеуметтік құрылымдары; Экономикалық цикл; Жұмыспен қамту; Өмір сүру деңгейі; Білім беру және кадрларды даярлау; Ақша айналымы; Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инвестициялар; Төлем балансы; Әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау механизмі; Қоршаған орта; Бағалар, антиинфляциялық үдерістер; Экономиканың мемлекеттік секторы; Қаржы ресурстары және бюджетаралық қатынастар; Мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау; Экономиканың әртүрлі салаларындағы меншік формалары; Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер және т.б.

Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады. Қ.Р. жағдайында бұл: қос палаталы Парламент, Үкімет, Қазақстан Республикасы Президенті, Қ.Р. Конституциялық Кеңесі. Мемлекеттік реттеу субъектілеріне, сондай-ақ биліктің өңірлік органдары да жатады.

5.Мемлекеттік реттеу формалары.

Мем рет нысаны дегеніміз экономиканы реттеуді ұйымдастыру тәсілі, яғни экономикаға қатысты сыртқы реттеу құралдарының жиынтығы- нормалар, әкімшілік заңдар, стандарттар, ережелер, шарттар және т.б.Қолданылатын мем рет/дің нысандарын үш топқа бөлуге болады:1. Заң шығарушы- құқықтық нысаны. Ол ұлттық экономиканың ішінде де, сыртқы әлеммен байланысы кезінде де қолданылады. Экономикалық жүйенің өзгеру қағидаларын, өндірістік, әлеуметтік және басқа да қатынастардың қызмет етуін анықтау үшін пайдаланылатын заңдардың, оларды дайындау, қабылдау мен жүзеге асыру механизмдерінің жиынтығын сипаттайды. 2. Қаржы- несиелік нысаны. Бюджет- салықтық және ақша-несиелік нысандардан тұрады. Бұл нысан макроэкономикалық белсенділікті реттеу, (ынталандыру немесе тежеу) жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру үшін қолданылады. Салық саясаты- салық қойылымын, салық салынатын объектіні, салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарды белгілеу; Ақша саясаты- ақша эмиссиялау, ең төменгі резерв мөлшерін белгілеу және өзгерту, ашық рыноктағы операциялар;Несие саясаты- банктік несие үшін пайыздың есептік қойылымын белгілеу, мемлекеттік бағалы қағаздар мен рыноктық операциялар, мақсатқа сай несиелеу, тікелей қаржыландыру және т.б.;Валюталық саясат- ұлттық валютаның айырбас бағамының жүйесін таңдау, номиналды және нақты айырбас бағамын белгілеу, валюталық резервтерді анықтау және т.б.;Амортизациялық саясат- амортизация нормасын белгілеу, амортизациялық қордың күрделі жөндеу және қалпына келтіру шығындарына қатынасы;Кеден саясаты- экспорттық, импорттық, кедендік бажды және үлесті белгілеу.3. Әкімшілік нысан әкімшілік- экономикалық және ұйымдастырушылық-әкімшілік нысандарға бөлінеді. Бұл нысан үкіметтің қабылдайтын шешімдерімен, жарлықтарымен, бұйрықтарымен байланысты.Әкімшілік реттеудің негізгі құралдары: нормативтер мен қатаң ережелер жүйесі, әкімшілік әсер етудің бір сарынды тәртібін дайындау, жекелеген тауарлар мен қызметтердің өндіріс көлемі мен бағаларын белгілеу және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]