- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
Міндетті төлемдердің баршасын салық деп есептеуге болмайды. Салықтардың ерекшелігі олардың белгілі бір принциптерге сәйкестігінде болса керек. Салық салудың принциптері туралы ең алғаш өзінің «Халықтар байлығының жаратылысы мен себептері (1776ж) еңбегінде Адам Смит жазған болатын.
А.Смиттің келесі принциптерді ұстанғанын көреміз:
- біркелкілік, яғни мемлекеттің салық төлеушілерге талабының ұқсастығы, салықтық ережелердің жалпыға бірдейлігі;
- анықтық, яғни салық жүйесінің негізгі сипаттарының айқын, түсінікті, орнықты болуы, олардың уақыттың ұзақ кезеңі бойынша өзгермеуі;
- оңайлығы және ыңғайлылығы, осы сөздердің тікелей мағынасында;
- ауыр болмауы, яғни салықтың төлеушіге үлкен ауыртпалық түсірмеуі.
Салық салудың ұтымды құрылған жүйесі үшін бұл ережелерді сақтау өзінен-өзі түсінікті, бірақ тәжірибеде соңғы екі принцип жүзеге аса бермейді. Себебі, салықтар экономикалық және құрылымдық саясаттың құралы ретінде болғандықтан салықтық ауыртпалық деңгейі мемлекеттік реттеудің нақты міндеттеріне байланысты тағайындалады.
Салықтар кез келген қоғамда, кез келген мемлекетте міндетті сипатта болғанымен, салықтық құралдарды біржақты мемлекеттің билік, әкімшілік өкілеттігінің тікелей туындысы ретінде қарастыру жеткіліксіз болар еді. Салықтық жүйенің қалыптасуы рыноктық және әкімшілік механизмдердің түйіскен жерінде орын алады. Сондықтан, бір жағынан салықты тағайындау және алу биліктің прерогативасы (құзыры), ал екінші жағынан салықтардың саны мен салықтық ауыртпалықтың деңгейін анықтау рыноктың шарттары мен экономика дамуының деңгейіне байланысты. Жоғарыда көрсетілген тарихи қалыптасқан принциптерді қазіргі салық салуға да қолдануға болады екен. Сонымен бірге, заман талаптары келесі принциптерді де есепке алады:
- жалпыға бірдейлігі – табыс алатын экономикалық субъектілерді салықпен толықтай қамту;
- тұрақтылық – салық түрлері мен салықтық қойылымдардың уақыт бойынша орнықтылығы;
- төлем қабілеттілігі – салықты барлығына бірдей қойылыммен алу, салыстырмалы салықтық жүктеменің табыстылық деңгейі әртүрлі субъектілер үшін теңдей болуы;
- міндеттілігі – салықтық мәжбүрлеу, төлемнің болмай қалмауы;
- әлеуметтік әділеттілік – салықтық жүктемеге қатысты барлығының шамамен бірдей болуы.
Көріп отырғанымыздай салық салудың ежелгі принциптерімен қатар оларды модернизациялау (жаңғырту) талпыныстары да жоқ емес. Сонымен бірге келесі шараларды да ақылға қонымды деп қабылдау қажет. Олар: біріншіден, салықтар ұжым мен жұмыскерлердің табыс, пайда табуға ынтасын кемітпеуі тиіс, екіншіден, салықтар және басқа да бюджеттік түсімдерге мемлекеттік шығындар сәйкестенуі тиіс, кері жағдайда оларды (мемлекеттік шығындарды) кеміту қажет, үшіншіден, салық салу азаматтардың табысын күнкөріс деңгейінен төмендетпеуі тиіс.
Әрине, салық салу жүйесін келтірілген принциптердің барлығына жауап беретіндей құру оңай емес. Олардың көптеген талаптары қарама-қайшылықты, орындалуы күрделі және қиын. Бәлкім, қазақстандық салық жүйесінің, салықтық заңнаманың тұрақсыздық себептері осында болар.
Мемлекеттің салық жүйесін құру және қызметін реттеу принциптерінің қатарына салықтардың қайтарымдылығы принципін қосуға болар еді. Оның мәнісі, мемлекет халыққа салықтардың қайтарымын ақшалай төлемдер, әлеуметтік игіліктер, мемлекеттік қызмет көрсетулер түрінде өтеуге міндеттеме алуы тиіс. Мұндай міндеттеме тікелей әрбір салық төлеушіге заңсыз алынған салықты қайтару түрінде қабылдануы мүмкін. Дегенмен, салық төлеушілердің біртұтас әлеуметтік топ ретінде мемлекеттен салықтық түсімдердің ортақ игілік үшін жұмсалғаны туралы дәлел талап етуге құқығы бар.
