
- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
36.Индикативті жоспарлау
Индикативтік жоспарлау – экономиканы басқарудың мемлекеттік және мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекетін үйлестіруші механизм болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің аталмыш формасы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін талдап жасауға негізделіп, мемлекеттік реттеуді рыноктың өзін-өзі реттеу қызметімен ұштастырып, байланыстырады. Индикативтік жоспарлауда жалпыұлттық басымдықтар жүйесі анықталып, зерделенеді.
Индикативтік жоспарлаудың ерекшелігі жекеменшік сектор өніміне сұранысты ынталандыру немесе шектеу негізінде ықпал ету арқылы реттеуде көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде экономиканың динамикасы, құрылымы және тиімділігі, қаржы, ақша айналымы, бағалы қағаздар мен тауар рыногы, бағалар қозғалысы, жұмыспен қамту, халықтың өмір сүру деңгейі т.с.с. көрсеткіштер пайдаланылады.
Стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік реттеу формасы ретіндегі мәні ұлттық экономика дамуының басты басымдықтарын сараптау негізінде таңдау болып табылады.
Таңдалған басымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі жетекші рөлді мемлекеттің өзі атқарады. Стратегиялық жоспарлаудың көмегімен қоғамның алдағы даму бағыттары айқындалады.
37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
Әлеуметтік объектілер мен үдерістерді мемлекеттік реттеу формалар мен әдістердің, институттар мен құралдардың кең көлемді жиынтығына сүйенеді. Қайсыбір әдіс-тәсілдерді қолдану реттеу саласына, оның субъектілері мен объектілеріне тәуелді.
Әлеуметтік объектілер мен үдерістерді мемлекеттік реттеудің әмбебап құралына ҚР Конституциясы, Азаматтық Кодексі, Еңбек Кодексі, Бюджет Кодексі, әлеуметтік сфера салалары қызметін реттейтін заңдар жатады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік үдерістерді құқықтық реттеу Президент Жарлықтары, Үкімет Қаулылары түріндегі нормативтік-құқықтық актілер арқылы жүзеге асады. Бұл актілерде әлеуметтік жағдайға мемлекеттің әсер ету, экономиканың әлеуметтік сферасы салаларының қызметін реттеу, әлеуметтік жәрдем мен қолдау шаралары көрсетіледі.
Стратегиялық аспектіде әлеуметтік мақсаттарды мемлекеттік биліктің жоғары органдары әлеуметтік дамудың ұзақ мерзімді концепциясын талдап жасауда пайдаланады. Стратегияның әлеуметтік концепциясы принциптері мемлекеттік әлеуметтік доктринаға негізделеді.Орта мерзімді перспективада мемлекеттік әлеуметтік мақсаттар табыс пен тұтынудың әлеуметтік нормативтеріне сүйенеді. Оларға, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы деңгейі, отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы табысы, күнкөріс минимумы, игіліктердің негізгі түрлерін тұтыну көлемі, тұрғын үймен қамтамасыздандырылу сияқты көрсеткіштер жатады.
Қысқа мерзімді әлеуметтік мақсаттар мемлекет кепілдендірген жақын уақыт кезеңіндегі әлеуметтік ілгерілеудің деңгейін көрсетеді.
ЮНЕСКО ұсынған даму индексі бойынша әлеуметтік дамудың әмбебап көрсеткіштер қатары келесідей:
- салыстырмалы бағалар арқылы анықталып, халықтың жан басына шаққандағы табысымен өлшенетін өмір сүру деңгейі;
- өмір сүрудің орташа ұзақтығы;
- халықтың білімділік деңгейі.
Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік болжау жақын және келешек перспективада елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының нұсқалы болжамдарын талдап жасау түрінде көрініс табады. Әлеуметтік мемлекеттік болжамдар демографиялық ситуацияны, бала тууды, өлім деңгейін, халық санын, тұрғындардың жас-жыныс құрылымын, қалалық және ауылдық тұрғындар құрамын, миграцияны, жұмыспен қамтуды, табыс, баға, инфляция деңгейін, тауарлар, игіліктер, қызмет көрсету түрлерін тұтынуды алдын ала қарастыруды көздейді. Мемлекттік әлеуметтік реттеудің бір бөлігі ретіндегі әлеуметтік болжау жалпы экономикалық болжаумен тығыз бірлікте жүргізілуі тиіс.
Салалар бойынша әлеуметтік болжау әлеуметтік сфераның базалық салаларын қамтиды. Оларға мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ал аумақтар бойынша аймақтарды әлеуметтік дамыту жатады.
Мемлекет еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының кепілдендірілген минималды деңгейін минималды күнкөріс деңгейіне қатысты орнықтырып, жоспарлы көрсеткіштерді заңдар, жарлықтар, үкіметтік қаулылар формасында бекітеді. Мемлекеттік әлеуметтік жоспарлау, сондай-ақ әлеуметтік сфера салаларын дамытудың жоспарлы көрсеткіштерін осы мақсаттарға бөлінген мемлекеттік ресурстармен сәйкестендіре орнықтырады.Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар дегеніміз уақыт пен кеңістік, атқарушылар мен ресурстар бойынша үйлестірілген, жалпымемлекеттік, салалық және аймақтық көлемде біртұтас ірі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.
39.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы ж/е қорғауы. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі – ол халықты (жұртшылықты) әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Оның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірінші кезектегі басымдық ретіндегі міндеті табысы төмен, қамсыздануы кемшін, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың проблемаларын шешуде болса керек. Әлеуметтік реттеудің басты мақсаты әлеуметтік дағдарыстардың ошағы болып табылатын кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу.
Әлеуметтік қолдау әртүрлі формада көрініс табады: ақшалай көмек, материалдық игіліктер, тегін тамақ, түнейтін орын, баспана беру түрінде, медициналық, құқықтық, психологиялық жәрдем ретінде жебеуші, қамқоршы, асырап алушы формаларында болуы мүмкін.
Рыноктық қатынастар қалыптасуы кезеңінде халықты бағалардың өсуі (инфляция) мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мәселесі өткір болады. Тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасының өсуі тұтынуды апатты жағдайға дейін төмендетпеуі үшін ішінара табыстарды индексациялау әдісі қолданылады, яғни жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, табыстардың басқа да түрлері бөлшек бағалар өсуіне сәйкес көбейтіледі.
Жасқа, мүгедектікке, шектеулі еңбек жарамдылығына байланысты заңнама негізінде ұзақ мерзімді немесе тұрақты түрде көмекке құқығы бар тұрғындар категориясына әлеуметтік қамсыздандыру деп аталатын экономиканың әлеуметтік саласының қаражаттарынан мемлекет қаржылық қолдау тағайындайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудың көп тараған түріне мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету жатады.
Мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражатынан зейнетақыдан басқа халықтың мұқтаж категорияларына әртүрлі жәрдемақылар мен төлемдер беріледі. Олар тұрақты, ұзақ мерзімді және уақытша, сондай-ақ бір реттік сипатта болуы мүмкін. Жәрдемақы негізінен балаларды, ауру адамдарды, қарттарды, жұмыссыздарды қолдау үшін тағайындалады.
Әлеуметтік көмектің ерекше түрі – медициналық көмек. Мұндай көмек белгілі дәрежеде тегін көрсетіледі. Дегенмен, тіпті бай елдердің өзі денсаулық сақтауға шығындарды мемлекеттік бюджеттің иығына артып қоймайды, медициналық қызмет көрсетулер мен дәрі-дәрмектердің бір бөлігі ақылы болып келеді.
Мемлекет жұмыссыздарға едәуір көмек қолын созады. Ең алдымен ол ресми тіркелген жұмыссыздарға мемлекеттік жәрдемақы түрінде жүзеге асады. Жұмыстан айырылып қалғандар үшін мұндай жәрдемақы алғашқы айларда соңғы жалақысы көлеміне жақын сомада төленеді. Кейінгі айларда жәрдемақы деңгейі төмендейді. Әдетте, жәрдемақы жұмыстан босап қалған уақыттан соңғы жарты жыл ішінде төленеді.
Экономикалық үдерістер мен құбылыстарды адам өмірімен, оның бейнесі және деңгейімен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым – әлеуметтік экономиканың құрамында экологиялық мәселелер де бар. Экология мен адам өмірі тығыз байланыста екендігі даусыз ақиқат. Сондықтан, табиғат пен адам арасында ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтау өзекті әлеуметтік мәселе болып табылады.
Жоғарыда айтылғандар әлеуметтік экономиканың арнайы зерттеу объектілері болып табылады. Ал, оларды мемлекеттік реттеу, әрине әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеудің зерттеу, оқыту пәнінің еншісінде екендігі даусыз.