- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
Қазақстанда рыноктық жаңғыртуларды жүргізу және тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногының қалыптасуы мемлекеттік антимонополиялық қызметті едәуір жандандыра түсті. 2001 жылы қабылданған, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заң бұл саладағы жұмыстар монополиялар қызметін қадағалау бойынша нақты тетіктерді белгіледі. Мамандардың пікірінше Қ.Р. антимонополдық заңы өзінің мақсаттары мен мазмұны бойынша монополияны реттеудің батыс Еуропалық үлгісіне жақын.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдарының негізгі міндеттері келесідей:
• Тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногында кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту;
• Монополистік іс-әрекеттің алдын алу, оны шектеу және жою, әділетсіз бәсекені тоқтату;
• Табиғи монополистер қызметін реттеу;
• Мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулері тәртібін реттеу және бақылау;
• Баға жасау үдерісін қадағалау;
• Тауар рыноктарындағы басым субъектілер әрекетін бақылау;
• Тұтынушылар мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру және т.б.
Антимонополиялық мемлекеттік реттеу теориясы мен практикасында «рыноктағы жағдайының басымдығы» түсінігі пайдаланылады. Бұлған белгілі бір тауар рыногындағы бір немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің шешуші әсер етуі жатады. Өзінің басым жағдайын теріс пайдаланушылар қатарына тауарлардың жасанды тапшылығын жасаушылар, баға жасаудың орнықтырылған тәртібін бұзушылар, рынокқа басқа қатысушылардың кіруіне кедергі келтірушілер, контрагенттерге келісімнің өзіндік шарттарын зорлап міндеттеушілер жатады.
Антимонополиялық қызмет үшін жауапты мемлекеттік органдардың қолында едәуір күштеу құралдары жинақталған.
Солардың ішінен келесі құралдарды атап айтуға болады:
Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін атқарылуы міндетті директивалық нұсқаулар;
Монополды құрылымдарды мәжбүрлеу негізінде бөлшектеп, олардың құрамынан дербес, тәуелсіз ұйымдар мен мекемелерді қалыптастыру;
Антимонополиялық заңнамаға қайшылықты келісімдердің, шарттардың, мәмілелердің күшін жою;
Антимонополиялық заңнама және басқа да нормативтік актілермен қарастырылған ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салу, санкциялар қолдану, әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану;
Монополист ұйымдар мен кәсіпорындарды мәжбүрлеу арқылы таратып жіберу.
Осындай мемлекеттік антимонополиялық әсер ету шараларының молдығына қарамастан, оларды жүзеге асыру монополистер тарапынан күшті қарсылыққа ұшырайды.
24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
Тауар рыногындағы кәсіпкерлік іс-әрекеттің екі үрдісі, сондай-ақ жетістікке жетіп, пайда алудың екі тәсілі бар.
Бірінші, үрдіс (тенденция) бойынша кәсіпкерлер өткізу рыногы, тұтынушылар тапсырысы үшін бәсекеге түседі және сондықтан өнім сапасын жақсартуға, оның ассортиментін кеңейтуге, өндірістік шығындарды мейлінше төмендетуге ұмтылады. Мұның өзі өндірісті жетілдірудің, техникалық прогрестің қозғаушы күші болып табылады.Екінші үрдіс бойынша кәсіпкерлер, тауар жеткізушілер рынокты бөлісу, сату шарттары, баға деңгейі төңірегінде өзара пайдалы келісімге келуге ұмтылады. Олар бәсекелестерді рыноктан ығыстыру, олардың беделін түсіру арқылы біржақты артықшылықтар алуды көздейді.Бірінші үрдісті мемлекет қолдауы тиіс, екіншісіне бәсекелік ортаны кеңейту тұрғысынан қарсылық ретінде антимонополдық саясат жүргізілуі қажет.Егер шаруашылық жүргізуші субъект, басқару органы бәсекені болдырмауды, шектеуді немесе жоюды көздесе және бұл тұтынушы үшін зиянды болса, онда олардың қызметі монополистік болып саналады. Бұндай шаруашылық жүргізуші субъект рынокқа үстемдік жасап тауар айналысына шешуші әсер етеді немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің рынокқа кіруін қиындатады.Уақытша, табиғи және мемлекеттік монополиялар түрлерін ажыратады. Уақытша монополия өнертабыстарды пайдалану, патенттерді енгізу нәтижесінде пайда болады және бәсекенің жоқ болуымен сипатталады.
Өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тауарларға, қызмет көрсету түрлеріне сұранысты тиімді қанағаттандыру рыноктағы бәсекенің жоқ болуына байланысты, болса, сондай кәсіпорындар бағаның едәуір өзгеруіне қарамастан тауары тұрақты сұранысқа ие (себебі оларды басқа тауармен алмастыру мүмкіншілігі жоқ) коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда табиғи монополиялар болып табылады. Табиғи монополия жағдайында рыноктағы сұраныс деңгейінен тәуелсіз бәсекелік орта қалыптастыру мүмкін емес немесе ғылым мен техника дамуының қол жеткен деңгейінде бәсекелік экономикалық жағынан тиімсіз. Мемлекеттік монополияның субъектілері, формалары, шектері заңнамалық негізде бекітіледі. КСРО-ның экономикасы өндіріс факторлары мен нәтижелеріне мемлекеттік монополия сипатында болды. Транзиттік, өтпелі кезеңде мемлекет экономиканы демонополизациялау және тауар рыноктарында бәсекені дамыту саясатын жүргізеді. Демонополизация ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Бәсекелік шарттарын жасау, тауар өндірісінің шамадан тыс шоғырлану деңгейін төмендету, олардың еркін қозғалысына кедергілерді алып тастау, рынокқа жаңа бәсекелік құрылымдарды, соның ішінде шетелдік құрылымдарды енгізу мәселелері көпжақты сипатта болады.Шаруашылық жүргізу субъектінің рыноктағы үлесі келесідей Монополизмді шектеу туралы мемлекеттік шаралар көп мөлшерде өндірілетін және сатылатын тауарлармен салыстырғанда меншік объектілері рыногында сатылатын тауарларға арнайы қолдану әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, жылжымайтын мүлік сияқты ірі меншік объектілері рынокта көпшілікке арналған, күнделікті қолданыс тауары болмағандықтан мұндай тауарлардың рынокты жаулап алып, еркін бәсекеге кедергі келтіретін монополистер ретінде тікелей айқындау қиыншылық туғызады. Меншік объектілерін сату рыноктарының өзі аукцион, конкурс түрінде ұйымдастырылып, көлеңкелі немесе тікелей бағалық ымыра көріністерін қалқалайды. Көптеген меншік объектілеріне тән жағдай объектіні тікелей сату емес, оны пайдалану құқын жалға беру, акция пакеттерін басқаруға беру сияқты амалдарды қолдануында болса керек. Антимонополиялық мекемелер меншіктің мүліктік объектілерінің айналым сферасындағы бәсекелік бастауларды қолдау мақсатында заманауи, өркениетті жылжымайтын мүлік рыногын қалыптастыруға әсер етуі тиіс.Меншік объектілері рыногына қатысты антимонополдық шаралар бәсекелік бастауларды қолдау мақсатында сату, сатып алу, қолдан-қолға өткізу сияқты іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеуге бағындыруы қажет. Соның өзінде мемлекеттік реттеу мен рыноктық өзін-өзі реттеу арасында ұтымды арақатынастар сақталуы керек, бірақ өзін-өзі реттеу механизмдері ең алдымен бәсекеге лайықталуы тиіс. Сондықтан қазіргі кездегі рыноктың өзін-өзі реттеуіне қарсы орын алып отырған монополистердің, бір топ адамдардың, олигархия өкілдерінің мүдделеріне сай рыноктық қызмет атқару үрдістеріне тосқауыл қою қажет. Бәсекелік бастаулардың дамуы меншік объектілеріне баға жасау механизмін жақсарта түседі.
25.Инвестицияның мәні, бастаулары ж/е оны тұтынушылар. «Инвестиция» түсінігі кең мағынада болашаққа салым дегенді білдіреді. Инвестициялар – бұл болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған кез келген қаражат. Сондықтан олар ағымдағы пайдаланудан шығарылып экономикалық немесе әлеуметтік игілік әкелуге мүмкіндігі бар белгілі бір іске салынады. Инвестиция дегеніміз негізгі капиталға, запастарға, резервтерге, сондай-ақ басқа да экономикалық объектілер мен үдерістерге салымдар болып табылады. Оның сипатты белгісіне материалдық ресурстар мен ақшалай қаражаттың салыстырмалы ұзақ уақытқа бейтараптануы жатады. Инвестиция көп тармақты құрылым.
Капиталдың физикалық және ақшалай болып бөлінуіне сәйкес инвестициялар да материалдық-заттай және ақшалай деп бөлінеді. Материалдық-заттай формадағы инвестициялар – бұл құрылыстағы өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар мен машиналар және басқа да техникалық паркті алмастыруға немесе кеңейтуге бағытталған инвестициялық тауарлар.
Ақша формасындағы инвестициялар – бұл материалдық-заттай инвестицияларды құруға бағытталған, инвестициялық тауарларды шығаруды қамтамасыз ететін ақша капиталы.
Өндіріске жалпы инвестициялар деп негізгі капиталды (негізгі қорлар) және запастарды ұстап тұру мен арттыруға бағытталатын инвестициялық өнімді атайды. Жалпы инвестициялар екі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі, амортизациялық төлемдер. Екіншісі, таза инвестициялар – бұл негізгі құрал-жабдықтарды көбейту, арттыра түсу мақсатында ғимараттар мен құрылғыларды, жабдықтар мен іс-әрекеттегі өндірістік қуаттарды іске қосуға арналған капитал салымы. Материалдық өндіріс салаларына инвестициялармен қатар олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени сфераға, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, информатика, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ осы салалар үшін жаңа объектілер салуға, оларды қолданылатын техника мен технологияны жетілдіруге, инновацияларды жүзеге асыруға бағытталады.
Нақты (реалды) инвестициялар экономика салаларына және экономикалық қызмет түрлеріне салымдар болып табылады және нақты капитал өсімін қамтамасыз етеді,
Қаржылық инвестициялар дегеніміз акцияларға, облигацияларға, вексельдерге және басқа да бағалы қағаздар мен қаржылық құралдарға салымдар.
Тікелей қаржылық инвестициялар дивиденд түрінде табыс, сондай-ақ акционерлік компанияны басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы акционерлік қоғамның жарғылық қорына ақшалай салымдар.
Тәуекелдік деңгейі жоғары инвестициялар венчурлық капитал деп аталады. Ірі венчурлық капитал инвестициялық жобаларға, қызметтің жаңа түрлеріне салынуымен ерекшеленеді. Мұндай капиталдың әрбір салымшысының тәуекелін кеміту үшін көптеген салымшылардың капиталын біріктіріп венчурлық капитал қорын құрады.
Инвестициялар мемлекеттің, кәсіпорынның, тұрғындардың жинақтары және қорлануымен тығыз байланысты. Мемлекет үшін қорлану, яғни ұлттық табыстың ағымдағы тұтынуына жұмсалмайтын бір бөлігі негізгі ішкі инвестицияның қайнар көзі, бастауы болып табылады.
Инвестициялық ресурстарды тұтынатын негізгі үш экономикалық субъектілерді бөліп көрсетуге болады. Олар: мемлекеттік басқару органдары түріндегі мемлекеттің өзі, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ үй шаруашылығы жиынтығы түріндегі тұрғындар.
