- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретінде мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндірістің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек.
Сонымен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру, өңдеу және өткізу, сондай-ақ аграрлық секторды өндірістік-техникалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
• Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдардың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс.
Қазақстанда аграрлық реформа жүргізу барысында мейлінше монополданған ресурстық, шикізаттық, азық-түлік рыноктары қалыптасты. А.Ө.К.-пен шектес салалардың монополизмі, делдалдардың көптігі бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатып, ауыл шаруашылығында жасалған жалпы табысты монополистер мен делдалдардың пайдасына қайта бөліп, А.Ө.К.-тің негізгі саласындағы ұдайы өндіріске кедергі келтірді.
• Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі А.Ө.К.-тің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі. Бұған қоса баға теңсіздігін жою үшін энергетикалық кешен, көлік, байланыс кәсіпорындарының қызметін реттеуде мемлекет-рөлін күшейте түсетін заңнамалық негіз қажет.
• Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілерді рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау. Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің маңызды қызметіне тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарына орнықты сұранысты қолдау жатады.
Мемлекет А.Ө.К. өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа қажетті баға жүйесін реттеу арқылы халықтың табысын қалыптастыруға әсер етіп, тұрғындардың төлем қабілеті бар сұранысын түзуге жәрдемдеседі.
• Ақылға қонымды протекционизм (қолдау) саясатын жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кедендік тарифтер, импорттық азық-түлік тауарларына салықтар көмегімен жүзеге асады.
• Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау, А.Ө.К.-тің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.
• А.Ө.К.-проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру, әлемдік стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.
22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
Рыноктық экономика тиімді қызмет атқаруы үшін рынокқа қатысушылар: тауар өндірушілер, сатушылар, кәсіпкерлер, яғни кімде-кім өз тауарларын жеткізу мен сатуды ұсынушылар арасында бәсеке болуы шарт.
Рыноктық экономикасы бар мемлекеттер бәсекені дамытуға мүдделі. Бәсеке теориясы және оның рыноктық бағалар мен рыноктық қатынастарды реттеудегі рөлі туралы бұдан бірнеше жүз жыл бұрын классикалық саяси экономия өкілдері айтқан болатын. Еркін рыноктағы бағаларды реттеу бойынша бәсекенің рөліне байланысты Адам Смиттің пікірі белгілі. Ол бәсекені сатып алушыларды сұраныс деңгейіне сәйкес баға тағайындауға мәжбүрлейтін «көрінбейтін қол» деп атаған еді. Тепе-тең баға деген атаумен белгілі сұраныс пен ұсыныс мөлшерінің тепе-теңдікті бағасын бәсекелі рыноктың өзі қалыптастырады. Одан бері бәсеке туралы түсінік кеңейтіп, тереңдей түсті. Нәтижесінде рынокта біртекті тауар сатушылардың шоғырлануы деңгейіне сәйкес бәсекелік күрестің бірнеше түрі ерекшеленеді.
Елдегі өндіргіш кұштердің сандық және сапалық өсуіне ықпал ететін, ұлттық экономика шекараларынан асып өтіп әлемдік рыноктарға тарайтын бәсеке мемлекеттің дүниежүзілік елдер арасындағы экономикалық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді.
Тауар өндірушілер мен сатушылар ортасында жеке пайдаға кенелу және бәсекелестерді рыноктан ығыстыру мақсатында монополизм мен қара ниет бәсекеге ұмтылыс тұрақты түрде бой көрсетеді. Мемлекеттік билік органдары монополияға қарсы саясат арқылы монополизмге кедергі жасайды.
Анитимонополиялық саясат монополистер қызметіне тыйым салу, оларды рыноктан ығыстыру, ірі компанияларды мәжбүрлеу арқылы ұсақтау негізінде арқылы монополиялық үрдістерді жан-жақты шектеуге бағытталған саясат болып табылады.Айта кететін бір жайт, кейбір коррупцияға ұрынған мемлекеттік шененуіктер, тіпті билік органдары пара алу мақсатында немесе монополистік қызметке және монополизацияланған компанияларға көмек қолын созуға тартылып, монополистерді жасырын да, асқынған түрінде ашық та қолдайтыны белгілі. Мұндай белгілі «шатыры» бар аумақтық монополизм рыноктық трансформациялау кезінде көптеп орын алады.
Монополизмнің кез келген формадағы етек алуы мемлекет пен қоғамға, экономика мен кәсіпкерлікке аса зор шығындар әкеледі.Монополистік құрылымдардың рынокты жаулап алуының теріс салдарына мыналар жатады:
1. Монополистер астыртын бағалық ымыраға келу арқылы өздері ұсынатын тауарларға жоғары баға тағайындайды;
2. Монополист-өндірушілер өндірісті дамытуға, тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын арттыруға, тұтынушылардың қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүдделі емес, себебі оларға бәсекелестер тарапынан қауіп жоқ, ал жоғары пайданы өндіріс көлемінің шектеулі жағдайында да бағаны жоғарылату жолымен алуға болады;
3. Монополизм өндірістің, ресурстарды пайдалану деңгейінің тиімділігіне қарамастан ресурстарды монополистер пайдасына, тиімсіз бөлу үрдісін туындатады;
4. Бас пайдасын ғана ойлайтын монополистер үшін мемлекет пен қоғам мүдделері кейінге ысырылады, олар бәсекелестерін өндірістен де, рыноктан да аяусыз ығыстырады;
5. Монополизм мемлекеттік билік аппаратымен, мемлекеттік басқару органдарымен, әрдеңгейлі шенеуніктерімен ымыраға келіп өз орбитасына жаңа қатысушыларды қосып алуға мүмкіндігін кеңейте береді.
