Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаным я тя люблю!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
138.56 Кб
Скачать

20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері

Агроөнеркәсіптік кешен (А.Ө.К.) – агроөнеркәсіптік өндіріспен байланысты экономика салаларының жиынтығы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың маңызды секторының бірі. Оны дамыту үшін ұзақ мерзімді болжамдар мен бағдарламалар талдап жасалынуы тиіс. Елдің азық-түлік сферасындағы тәуелділігін кеміту мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясы мен бағдарламасын жасауды қажетсінеді. Онда елдің азық-түлік қауіпсіздігі негізделіп, Қазақстанның әлемдік азық-түлік өндіру және бөлудегі орны анықталуы тиіс. Мұның өзі, әсіресе ҚР-ның Бүкілдүниежүзілік Сауда ұйымына күруге ұмтылу жағдайында өзекті мәселе болып табылады.

Ұлттық экономиканың агроөнеркәсіптік кешені күрделі биотехнологиялық жүйе болып табылады. Оның негізгі сферасы – ауыл шаруашылығында жер, су т.б. табиғи өндіріс негіздері пайдаланылады. Шаруашылық іс-әрекеті нәтижелеріне табиғи-климаттық және метеорологиялық жағдайлар үлкен әсер етеді де ауыл шаруашылығы өндірісіне тәуекелдік сипат береді.

Ауыл шаруашылығы капитал мен қуатты көп қажетсінетін өндіріс, сондықтан бұл сала инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін аса тартымды емес. Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қолдау мақсатындағы мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың объективті қажеттілігі болып табылады.

Аграрлық саясат агроөнеркәсіптік өндірістің орнықты және бәсекеге қабілетті дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Ал, мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын, сондай-ақ олардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақындатуға оңды әсер етеді.

Ұзақ мерзімді перспективада агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мақсаты рынокты тұрғындардың барлық топтарының қолы жетімді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығын қалыптастыру болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің бірінші кезектегі міндеті азық-түлікпен қамтамасыз етуде импорттық тәуелділікті кеміту; азық-түлікті жан басына шаққандағы тұтынуды жоғарылата отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының табысты жұмысы үшін ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымында үш сфераны ажыратады: бірінші – ауыл шаруашылығы, тамақ және ет-сүт өнеркәсібін, дайындау жүйесін өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік салалар жиынтығы; екніші – ауыл шаруашылығының тікелей өзі (егін, мал және орман шаруашылықтары); үшінші – ауыл шаруашылығы шикізатын дайындауды, тасымалдауды, сақтауды және өңдеп, ұқсатуды қамтамасыз ететін салалар мен өндірістер жиынтығы.

Қазақстандағы аграрлық реформа барысында А.Ө.К.-тің ұйымдастыру-экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайлары түбегейлі өзгертілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық формаларын, өзінің өндірістік-қаржылық қызметін жоспарлауды, өндірілген өнім мен табысты пайдалануды, өткізілетін өнімге баға тағайындауды таңдауда дербес құқыққа ие болды.

Аграрлық реформаның мәні, ол – меншік қатынастарын өзгерту және соның негізінде ел экономикасында көп салалы аграрлық секторды қалыптастыру болып табылады. Заманауи ғылым мен практика шаруашылық жүргізудің талаптарға сай жолдарын ұсынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]