- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
14.Монитарлық экономикалық саясат.
Монетарлық саясат – бұл тікелей мемлекеттік әсермен немесе ұлттық банк арқылы елдегі ақша массасы мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Монетарлық саясат ақшаға да, бағаға да ықпал ету арқылы ақша жүйесі мен ақша айналымы қызметін қамтамасыздандырады.
Монетарлық саясаттың мұраты фискалдық саясат сияқты шаруашылық жүйесі қызметін тұрақтандыру, орнықтылығы мен тиімділігін арттыру, дағдарысты еңсеру, жұмыспен қамту мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады.
Дегенмен, фискалдық саясат бюджет және салықтармен байланысты антициклдық сипатта әрекет ететін болса, монетарлық саясат ақша айналымы мен ақша массасын тұрақтандыруға және бағаларды, табыстарды, жалақыны реттеуге бағдарланған. Олай болса монетарлық саясат міндеттерінің де өзіндік сипаты бар. Бұл – бағалар деңгейін тұрақтандыру, инфляцияны жаныштау, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы рыноктардағы сатып алу қабілеттілігі мен бағамын қолдау, орнықты ақша айналымын қамтамасыз ету, банктік жүйе арқылы ақша массасын, ақшаға сұраныс пен ұсынысты реттеу.
Мемлекеттік монетарлық саясаттың құрамдас бөлігі және сонымен бірге құралы ретінде қайта қаржыландыру саясаты, ашық рыноктағы операциялар, резервтеу, өтімділікті қамтамасыз ету істері танылады. Бүкіл осы құралдардың жиыны айналымдағы ақша массасын және жекелеген ақша агрегаттарын реттеуге мүмкіндіктер туындатып рыноктық бағалар динамикасына, инфляция деңгейіне, өндірушілер мен тұтынушылардың тауар-ақша қатынастарына, рыноктық айырбасқа, рынок субъектілерінің табысы мен шығынына жанама ықпал етеді.
Фискалдық және монетарлық саясат рыноктық экономикасы бар елдердегі мемлекеттік экономикалық саясатты қолдаушы конструкция болып табылады. Бірақ, экономикалық саясаттың барлық түрлері мен формалары осылармен аяқталмайды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа түрлеріне де атап өтейік.
Құрылымдық-инвестициялық саясат өндірістің салалық және аймақтық құрылымын қалыптастыру және өзгерту бойынша мемлекеттің іс-әрекет желісін сипаттайды.
Әлеуметтік саясат халықты әлеуметтік қорғау, күнделікті өмір сүру деңгейін қолдау. Әлеуметтік саясатқа халықтың табысы мен жалақысын реттеу, жұмыспен қамту т.с.с. жатады.
Демографиялық саясат тұрғындардың санын, құрылымын, орналасуын, қала және ауыл тұрғындарының арақатынасын реттеу.
Миграциялық саясат халықтың көші-қонына ықпал ету, иммигранттар мен эмигранттар ағындарын реттеу.
Аймақтық саясат өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруды, табиғи байлықты тиімді пайдалануды көздейді.
Институционалдық саясат ескіргенді алып тастап, қолда барды тиімді өзгерту және жаңа еңбек, меншік, қаржы, әлеуметтік институттарды құру бойынша мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы болып табылады.
15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
Экономиканың құрылымы дегеніміз шаруашылық жүйесінің барлық элементтері арасындағы тұтастықты қамтамасыз ететін пропорциялар мен қарым-қатынастар жиынтығы. Экономиканың динамикасы мен құрылымы – екі негізгі және өзара байланысты категориялар болып табылады. Бір жағынан экономиканың консервативті құрылымы жағдайындағы экономикалық өсу шаруашылықтың тиімділігін арттыра қоймайды. Екінші жағынан қалыптасқан пропорциялардан экономиканың жаңа, мейлінше прогрессивті құрылымға өтуі қажетті құрылымдық өзгерістерді анықтайтын салалар дамуының жоғары қарқыны негізінде ғана мүмкін болады.
Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан экономикаға құрылымдық бей-берекет өзгерістер, өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, монополизм деңгейінің жоғарылығы тән болатын.
Қазақстанда орныққан рыноктық экономика критерилеріне сәйкес экономикалық құрылым объективті түрде мемлекеттің рөлін күшейтеді, сөйтіп одан белсенді құрылымдық өзгерістер саясатын жүргізуді талап етеді.
Экономика құрылымын қайта құру жөніндегі мемлекеттік саясат қазіргі жағдайларда әлеуметтік бағдарланған, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті рыноктық экономика жасауға бағытталуы тиіс. Мұндай құрылым әлемдік шаруашылықпен тығыз байланыста және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет атқаруы қажет.Экономика құрылымы көпжақты түсінік болғандықтан оны шаруашылық жүйесі элементтерінің арақатынасын сипаттайтын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыруға болады. Экономика құрылымы қоғамдық еңбек бөлінісі, ғылыми-техникалық прогресс, адамдар қажеттіліктерінің өсуі және күрделене түсуі, сыртқы экономикалық факторларды ескеру сияқты ұзақ мерзімді үрдістердің әсерімен қалыптасады.
