
- •1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •2.Рыноктық жүйесінің сипаты-аралас экономика.
- •3.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар.
- •4.Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •5.Мемлекеттік реттеу формалары.
- •6.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •7.Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •9.Экономикалық өсу теориялары және модельдері
- •10.Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді мемлекеттік реттеу
- •11.Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
- •12.Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары.
- •13.Фискалдық экономикалық саясат
- •14.Монитарлық экономикалық саясат.
- •15.Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта.
- •16.Экономиканың функционалдық құрылымы.
- •17.Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •18.Мемлекеттің өндірістік саясаты
- •19.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыттары
- •20.Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен міндеттері
- •21.Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің бағыты,әдістері,нақты механизмдері
- •22. Бәсекелі және монополды рыноктар.
- •23.Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеттері.
- •24. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.
- •27. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •30.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу.
- •31. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •33. Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •34.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
- •35. Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
- •36.Индикативті жоспарлау
- •37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
- •40.Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары.
- •41.Дж.Кейнстің концепциясы
- •42.Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
- •43.Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
- •44. Салық жүйесін құрудың қағидалары
- •45. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
- •48. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
- •49.Мемлекет және ірі бизнес
- •50 Қазақстандағы институтционалдық реформалар
- •51. Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
- •52. Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
- •53. Экологиялық реттеу
- •54. Кедендік реттеу
- •55. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
- •56. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
- •59. Орталық банктің қызметтері
- •60. Жоспарлаудың қағидалары
Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар
Рыноктық жүйесінің сипаты - аралас экономика
Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функция
Мемлекеттік реттеу объектілері мен субъектілері
Мемлекеттік реттеу формалары
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құрал
Экономикалық өсу теориялары және модельдері
Экономикалық өсудің интенсивті типін өтуді
Мемлекеттік экономиканың саясат мәні
Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
Фискалдық экономикалық саясат
Монитарлық экономикалық саясат
Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта
Экономиканың функционалдық құрылымы
Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің өндірістік саясаты
Инновациялық сфераны мемлекеттік қолданудың бағыт
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы,мақсаттары мен мін
Агроөнеркәсіп кешенін м р бағыты,әдістері,нақты мех
Бәсекелі,монополды рыноктар
Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті
Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту б мем шар
Инвестициялар мен инновацияның үдерістерінің мәні,бастаулары және олардың тұтынушылары
Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары,міндеттері және проблемалары
Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі
Инновациялық – инвестициялық қызметті мемлекеттік
Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру
Аумақтық дамытуды мемлекеттік реттеу
Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
Аумақтық дамытуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру ш
Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері
Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары
Индикативті жоспарлау
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
33 сұрақпен бірдей.
Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы
Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
Дж.Кейнс концепциясы
Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
Салық жүйесін құрудың қағидалары
Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
Қ.Р- ң даму сатыларындағы ақша – несие саясаты
Экономикалық өсу:факторлары және мемлекеттік іс
Агробизнесті мемлекеттік реттеу
Мемлекет және ірі бизнес
Қазақстандағы институтционалдық реформалар
Қ.Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
Қ.Р қазіргі бюджет саясаты
Экологиялық реттеу
Кедендік реттеу
Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары
Инвестицияның негізгі пайда болу көздері
Ұлттық шаруашылықтың құрылымын өзгертудің
Ұлттық экономикадығы аграрлық өндірістің ерек
Орталық банктің қызметтері
Жоспарлаудың қағидалары
1.Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
Тарихи тұрғыдан мемлекеттің рыноктық экономикадағы рөлі туралы алғашқы концепциясы капитализм саяси экономиясы классиктерінің концепциясы болып табылады. Классикалық теория XVII- ғасырда дүниеге келді және ол өзінің ортасына экономикалық ғылымның көптеген өкілдерін шоғырландырады. Олардың ішіндегі ең көрнектілері шотландық экономист және философ А.Смит және ағылшын экономисі Д. Рикардо. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы ілімнің дамуына А. Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) еңбегі зор үлес қосты.Бұл концепция бойынша рыноктық күштердің еркін әрекеті тепе-теңдікті механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, меншігін қорғауы тиіс және рынокқа қатысушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы тиіс. Экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, өзін-өзі ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру үшін ұйымдастырылады, ал тұтынудың өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.Бұл себепті – салдарлы өзара байланысты жүзеге асыру билік құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылық қызметіне араласуынсыз-ақ мүмкін болады. А. Смиттің пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы рыноктық экономика дамуының басты механизмі болып табылады, және мұның өзі әрбір тауар өндірушінің және бүкіл қоғамның байлығын арттыруға әкеледі. Рынокқа қатысушылардың жиынтық әрекеті тепе-теңдік бағаларды орнықтырады және әрбір сатып алушы осы бағаларға бағынады, ал бағалардың өздері болса жекелеген адамдардың жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды. Экономиканың осындай табиғи қызметін А. Смит «рыноктың көрінбейтін қолы» принципі деп атады.Практиканың талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады. Дж. Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың, мемлекеттік қызмет өрісінің теориялық негіздерін қалады. Дж. Кейнс теориясының негізгі нәтижесі капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда тепе-теңдіктің ішкі механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейнс капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу бағдарламасы өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936ж) еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж. Кейнс жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады.: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте жиынтық сұраныс болып табылады. Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа әсері сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.
Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс «тұтынуға шекті бейімділік» түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс) арасындағы тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен осы өсімді мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін пайдаланды. Кейнстік теория құралдарын пайдалану соғыстан кейінгі кезеңде дамыған елдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті.