Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

195. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу. Мұрагерлік мүлікті қорғау.

Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн. Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады. Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi Кодекстiң бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты Кодекстiң бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]