Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

193. Мұрадағы міндетті үлес.

 Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады. Заң бойынша осы Кодекстiң баптарында көрсетiлген мұрагерлер тобына кiрмейтiн, бiрақ мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады. Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегiзiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде өз бетiнше мұра алады. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады. Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.

194. Мұра алу. Мұрадан бас тарту.

Мұрагер мұраны алу үшiн оны қабылдауға тиiс. Иесiз қалған мүлiктi алу үшiн мұраны қабылдау талап етiлмейдi. Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi. Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады. Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi. Мұраны бiр немесе бiрнеше мұрагердiң қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердiң қабылдағанын бiлдiрмейдi. Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады. Мұрагер өзiнiң мұрагерлiкке шақырылғандығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады. Егер сенiмхатта бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкiл арқылы бас тартуға болады. Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды. Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның iшiнде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы. Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердiң пайдасына мұрадан бас тартуға жол берiлмейдi. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiкке шақырылса, ол осы негiздемелердiң бiреуi бойынша немесе екi негiздеме бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы. Мұрагер мұраның басқа бөлiгi мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бiр бөлігінен бас тартуға, мұрадан Ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берiлмейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]