Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Мәміленің жарамсыздығы және оның салдары.

Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Мәміленің жарамсыздығының негізі: - қажетті лицензия алмай не лицензиясының қолданылу мерзімі беткеннен кейін жасалған мәміле; - теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін мәміле; - 14 жасқа толмаған адаммен жасалған мәміле; - 14 жасқа толған, кәмелетке толмаған адамның ата-анасының (асырап алушысының) не қамқоршыларының келісімінсіз жасалған мәміле; - әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адаммен жасалған мәміле; - әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адаммен жасалған мәміле; - әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасалған кезде өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған адаммен жасалған мәміле; - елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәміле; - алдау,зорлық,қорқыту ықпалымен жасалған мәміле; - бір тарп өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәміле; - заңды тұлғаның жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі; -мәміленің нысаны сақталмай жасалған мәмілелер; - жалған не қулықпен жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс. Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс.

Нақты мән-жайларды ескере отырып, жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, сот мәмiленiң жарамсыз болуын туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты екiншi тараптың залалын оның пайдасына өндiрiп беруi мүмкiн. Жарамсыз мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған мәмiленiң жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер кiрмейдi. Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.

  1. Заңды тұлғаның түсінігі және оның белгілері.

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның екі түрі бар: коммерциялық және коммерциялық емес. Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Ал коммерциялық ұйым деп Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн ұйымды айтамыз. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет: а) Ұйымдық бірлік - заңды тұлғаның азаматтық құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құылым белгісі

б) Мүліктік оқшауланушылық – бұл белгі заңды тұлғаға мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді.

в) Дербес мүліктік жауапкершілік – әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы да, мемлекет те жауап бермейді.

г) Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету – заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]