Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары.

Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн.

Азаматты өлді деп жариялау негіздері: - оның хабар-ошарсыз жоғалып кетуі; -ұзақ уақыт бойы өзінің не өлі не тірі екендігінен хабар бермеуі; -3 жыл бойы тұрғылықты жерінен ұшты-күйлі жоқ болуы; -өлім қатері төнген не жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болған жағдайда 6 ай бойы тұрғылықты жерінен жоғалуы; -жер сілкінісінен, дауыл, боран, сел т.б. кездейсоқ апат кезінде жоғалып кетсе, оны өлді деп жариялау үшін 3 ж. күтудің қажеті жоқ. Мұндайда оны 6 ай күтіп, содан соң өлді деп жариялайды. - соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшіні не өзге адамды соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап, кемінде 2 ж. өткеннен кейін өлді деп жариялайды. Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде АХАЖ кітаптарына оның өлгені туралы жазба жасалады. Өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын салдар: -Сот тиісті шешімнің күшін жояды; -басқа адамға тегін көшіп не сақталып қалған мүлкін қайтарып беруді талап етуге құқылы; -оның мұрагерлері оның мүлкін үшінші бір адамға беріп, ал ол адам оның құнын толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді; -өлді деп жарияланған адамның мүлкі ақысы төленетін мәміле бойынша өзіне көшкен адамдар оған бұл мүлікті қайтаруға, ал оларда бұл мүлік жоқ болса, егер мүлікті алған кезде олар өлді деп жарияланған адамның тірі екендігін алдын ала білгендігі дәлелденсе, мүлік құнын өтеуге міндетті; - егер өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік тәртібімен мемлекетке өтіп, сатыоып кететін болса, адамды өлді деп жариялау туралы шешімнің күші жойылғаннан кейін оған мүліктің құны төленетін нарықтық бағасы ескеріле отырып сатудан түскен сома қайтарылады т.б.

  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері.

Азаматтық құқықтық қатынастар – азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және қатысушылары өзара субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

Азаматтық құқықтық қатынас барлық құқықтық қатынастарға тән белгiлерге ие бола отырып, өзiне тән белгiлерiмен, яғни ерекшеліктерімен ерекшелендi. Бұл ерекшеліктер, бiрiншiден, азаматтық құқықты қорғау тәсiлi. Егер азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға кедергi келтiрiлген болса, онда азаматтық талап тәртiбiмен олардың еркiнен тыс және еркiне қарсы жүзеге асырылуы мүмкiн. Бiрақ сот тәртiмен қорғау тәсiлi арқылы азаматтық құқықтарға бiрдей қолданылмайды және оларға ғана тән емес. Екiншi ерекшелігі, азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негiздерi. Азаматтық құқықтық қатынастарды әдеттегiдей, өзiнiң пайда болу негiзi ретiнде қатысушыларының өз еркiмен көңiл бiлдiруiн айтамыз. Бұл ерекшелік те барлық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана тән болуы мүмкiн емес. Себебi азаматтық құқықтық қатынастар өз еркiмен көңiл бiлдiру нәтижесiнде болмаса да пайда болады. Мысалы, зиян келтiруге байланысты мiндеттемелер. Сонымен қатар азаматтық құқықтық қатынастар әкiмшiлiк актiлердiң негiзiнде де пайда болуы мүмкiн. Үшiншi ерекшелігi, көптеген азаматтық құқықтық қалыптар азаматтардың арасындағы қатынастарды реттейтiн диспозитивтiк сипаттағы қалыптар болады. Төртiншi ерекшелігі ретiнде азаматтық құқықтық қатынастардың тоқталуының ерекшелiгiн қарастырамыз. Жаңарту, есепке алу, қарызды кешiру, бiр жақты еркiн бiлдiру тағы басқа тәсiлдердi тек қана азаматтық құыққа тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]