Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

162. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.

Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды (осы Кодекстiң 926-бабы), егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi ұйым өтейдi. Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi оның әрекетке қабiлеттiлiгi қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды. Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, зиян келтiрушiнiң әрекетке қабiлеттiлiгiнiң қалпына келуiн ескере отырып, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды сол зиян келтiрушiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиiс. Егер он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн сол мекемелер өтеуге мiндеттi. Ата-аналардың (асырап алушылардың), қамқоршының және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса тоқтатылады.

163. Жоғары қауіп көздері арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

Қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi. Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi. Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң иелерi қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс-қимылының (көлiк құралдарының соқтығысуы және т.б.) салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян үшiн осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша ортақ жауапты болады. Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс-қимылы салдарынан олардың иелерiне келтiрiлген зиян жалпы негiздерде өтеледi. Бұл орайда:

1) бiр тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиянды осы тарап толық көлемiнде өтейдi;

2) екi немесе бiрнеше тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиян олардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сай өтеледi. Тараптардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiнбелгiлеу мүмкiн болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлiнедi. Зиян келтiруде тараптардың кiнәсi болмаған кезде олардың бiрде-бiреуiнiң зиянды өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзi шеккен шығындар тәуекелiн көтередi. Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi, егер қауiптiлiк көзi басқа тұлғалардың заңға қарсы iс-әрекеттерi салдарынан иеленушiнiң иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген зиян үшiн ондай көздi заңға қайшы иеленушiлер жауап бередi. Жоғары қауiптiлiк көзiн оның иелiгiнен заңға қайшы алуда иеленушiнiң кiнәсi болған жағдайда жауаптылық иеленушiге де, жоғары қауiптiлiк көзiн иеленген тұлғаларға да жүктелуi мүмкiн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]