
- •Азаматтық құқықтық реттеу пәнінің түсінігі.
- •Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері. Бағалы қағаздарға қойылатын талаптар.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, элементтері мен ерекшеліктері.
- •Азаматтық құқықтың әдісі.
- •Мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі және түрлік сипаттамасы.
- •Құқық қабілеттілік түсінігі және оның мазмұны.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көзі. Құрылымы иерархиясы.
- •Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық режимі.
- •Әрекет қабілеттілік түсінігі және шек қою ерекшеліктері.
- •Азаматтық заңдардың тұлғаларға уақыт кеңістігі мен территорияға байланысты әсер етуі.
- •Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық режимі ерекшеліктері.
- •Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары.
- •Азаматтық құқықтың негізгі принциптері (қағидалары).
- •Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құқықтық режимінің ерекшеліктері.
- •Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері.
- •Мәміленің жарамсыздығы және оның салдары.
- •Заңды тұлғаның түсінігі және оның белгілері.
- •19. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері.
- •20. Мәмленің нысандары.
- •21. Шаруашылық серіктестіктердің түсінігі және олардың ерекшеліктері.
- •22. Субъективтік азаматтық құқықтар мен міндеттердің түсінігі.
- •23.Мәмілне жарамсыз деп танудың негіздері.
- •24. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •25. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері.
- •26. Заттарды азаматтық құқықтардың объектісі ретінде классификациялау.
- •27. Мәмілелер ұғымы және оның түрлері.
- •28. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы және өзгеру негіздері.
- •29. Ассоцияның құқықтық режимі.
- •30. Бағалы қағаз туралы түсінік және оның түрлері.
- •31. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері.
- •32. Мәміле ұғымы және мінездемесі.
- •34. Азаматтық құқық қабілеттілік ұғымы және мазмұны.
- •35. Талаптың ескіру мерзімінің тоқтатыла тұруы, үзіліс жасауы және қайта жаңаруы.
- •36. Коммерциялық заңды тұлғалар. Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері.
- •37. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі және түрлері
- •38. Өкілдіктің ұғымы, пайда болуы, негіздері, түрлері.
- •39. Интеллектуалдық қызмет нәтижелері азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
- •41. Талаптыңескірумерзімі, түсінігіжәне түрлері.
- •42. Өзіндік мүліктік емес игіліктер азаматтық құқықтың объектісі.
- •43. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану, азаматты өлді деп жариялау.
- •44. Мемлекеттің және әкімшілік территориялық бөліністердің азаматтық құқықтыққатынастарға қатысуы.
- •46. Қорғаншылық пен қамқоршылық
- •47. Қоғамдық бірлестіктің құқықтық режимі
- •49. Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері
- •50. Жеке мүліктік емес игіліктер, оларды қорғау.
- •51. Жекеменшік түсінігі және оның түрлері.
- •52. Заңды тұлғаның атауы және тұрғылықты жері
- •53. Акцияның бағалы қағаз ретінде түсінігі және түрлері.
- •54. Меншік құқын ықтиярсыз негізде тоқтату.
- •55. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
- •56. Бағалы қағаздарға құқықтық сипаттама.
- •57. Меншік құқын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері.
- •58. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу.
- •59. Азаматтық құқықтың объектілері.
- •61. Заңды тұлғаның таратылу негіздері мен тәртібі.
- •62. Азаматтық құқықтағы мерзімдер ұғымы мен түрлері.
- •63. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
- •64. Заңды тұлғаның қайта құрылуы, оның түрлері мен тәртібі.
- •65. Өкілдік туралы жалпы түсінік және оның түрлері.
- •66. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.
- •67. Заңды тұлғаның түсінігі мен оған құқықтық сипаттама
- •68. Сенімхаттың ұғымы мен түрлері.
- •69. Азаматтық шарт туралы түсінік және оның белгілері.
- •70. Коммерциялық заңды тұлғалар туралы түсінік және олардың түрлері.
- •71. Коммерциялық өкілдіктің ұғымы мен ерекшеліктері.
- •72. Шарттың классификациясы, нақты және консенсуалды шарттар.
- •73. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық ерекшеліктері
- •74. Сенім хатқа қойылатын талаптар
- •75. Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені тиісінше орындау ұғымы мен мазмұны.
- •76. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке құқықтық сипаттама беру.
- •77. Сенімхаттың тоқтатылу негіздері
- •78. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау.
- •79. Акционерлік қоғамның ұғымы мен құқықтық сипаттамасы.
- •80. Жалған және бүркеме мәмілелер
- •82. Жабық акционерлік қоғамның ерекшеліктері
- •83. Мәмленің жарамды болу шарттары
- •86. Мәмлелерді тіркеу ерекшеліктері
- •88. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы.
- •89. Мәмленің жасалу нысанын сақтамаудың салдары.
- •90. Кепіл туралы шарттың мазмұны және нысаны.
- •91 Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •96 Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •97. Тауар жеткізіл.Імі шартының түсінігі, маңызы
- •98. . Келісім-мәміле жасасу шартының ұғымы және оны құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •100. Кәсіпорынды сатып алу-сату.
- •101. Айырбас шартының түсінігі мен мазмұны.
- •102. Сыйға тарту шартының ұғымы және оған жалпы сипаттама беру.
- •103.Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •104. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •105. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •106. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •107. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •108. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •109. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •110. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •111.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •112.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •113.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •114.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •115.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •121. Бас мердігер және қосалқы мердігер
- •122. Мердігерлік шартын орындаудың ерекшеліктері
- •123. Мердігердің жұмыс сапасының тиісті дәрежеде болмауы үшін жауапкершілігі.
- •124.Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •125. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •126. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •127. Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •128. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •129. Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •130. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •131. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •132.Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •134. Көлік экспедиция шарты
- •135. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •136. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •137. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •138. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету
- •139. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •140. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •141.Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •142. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •143. Банктік шот шартын құқықтық реттеу
- •145. Арнайы сақтау шарттарына түрлік сипаттама беру.
- •146. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •147. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •148. Сақтандырудың нысандары мен түрлері.
- •149. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар.
- •150. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •151. Сақтандыру шартының жарамсыздығы.
- •152. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •153. Тапсырма шартының түсінігі мен мазмұны.
- •154. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
- •156. Комиссия шартын орындаудың ерекшеліктері.
- •157. Мүлікті сенімгерлікпен басқару, жалпы ережелер.
- •158. Франчайзинг шартының түсінігі мен мазмұны.
- •159. Конкурстық міндеттемелерге жалпы сипаттама беру.
- •160. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •161. Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері.
- •162. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •163. Жоғары қауіп көздері арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
- •164. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •165. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
- •166. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу.
- •167. Моральдық зиянды өтеу.
- •168. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.
- •169. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелер.
- •170. Интеллектуалдық меншіктің объектілеріне айрықша құқықтар, оларды қорғау.
- •171. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер.
- •172. Авторлық құқықтың субъектілері мен объектілері.
- •173. Автордың жеке және мүліктік құқықтары.
- •174. Авторлық шартының түсінігі, мазмұны мен түрлері.
- •175. Интеллектуалдық меншік құқығындағы лицензиялық шарттар.
- •176. Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру.
- •177. Өнертабысқа құқық, түсінігі, жалпы сипаттама.
- •178. Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •180. Патент түсінігі, түрлері, қолданылу мерзімдері.
- •181. Патент иесінің құықтары және оларды қорғау.
- •182. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік белгілер.
- •183. Селекциялық жетістік авторының құқықтары.
- •184. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар.
- •185. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау.
- •186. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушылардыдараландыру құралдары.
- •187. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері.
- •188. Мұрагерлер. Лайықсыз мұрагерлер. Мұрагерлік құқық қабылдаушылықтың объектілері.
- •189. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар.
- •190. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы.
- •191. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту (легат).
- •192. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі.
- •193. Мұрадағы міндетті үлес.
- •194. Мұра алу. Мұрадан бас тарту.
- •195. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу. Мұрагерлік мүлікті қорғау.
153. Тапсырма шартының түсінігі мен мазмұны.
Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады. Бұл шарт азаматтық құқықта әмбебап маңызға ие. Ол белгілі бір субъект өзіне қажетті әрекеттерді жеке өзі емес, басқа тұлғалардың қызметіне жүгінетін өте көп өмірлік жағдайларды реттеу үшін бейімделген. Тапсырма өзі арқылы өкілдік қатынастары қамтамасыз етілетін негізгі құқықтық нысандардың бірі болып табылады. Тапсырма өкілдікпен қатар қызмет көрсету бойынша міндетті туындата алады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi.
Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi. Тараптардың келiсуiмен коммерциялық өкiл осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.
154. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс.Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.Егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады. Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделi тұлғаның мақұлдамағандығы белгiлi болған соң жасаған бөтен мүдделердегі iс-әрекеттер осы iс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да, үшiншi бiр тұлғаға қатысты да соңғысына мiндеттер жүктемейдi. Қатерге ұшыраған адамның өмiрiне төнген қауiптi жою мақсатындағы iс-қимылға осы адамның еркiне қарсы, ал бiреудi асырау жөнiндегi мiндеттердi орындауға - осындай мiндетi бар тұлғаның еркiне қарсы жол берiледi.Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткiзбеген жағдайда да қажеттi шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. Алайда басқа тұлғаның мүлкiне залал келтiрудi болдырмау жағдайында өтеу мөлшерi мүлiктiң құнынан аспауы тиiс.Егер мұндай құқық заң актiлерiнде, мүдделi тұлғамен жасалған келісімде немесе іскерлік айналым дағдысында көзделсе, басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттерi мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзген тұлға сыйақы алуға құқылы. Басқаның мүддесiне жасалған мәмiле бойынша мiндеттер, ол осы мәмiленi мақұлдаған жағдайда және басқа тарап мұндай ауысуға қарсы болмаса не мәміле жасаған кезде мәміле басқаның мүддесіне жасалғандығын бiлген болса немесе бiлуi тиiс болса, мүддесiне мәмiле жасалған адамға ауысады.Мәмiле бойынша мiндеттер мүддесiне осы мәмiле жасалған адамға ауысқан кезде, соңғысына осы мәмiле бойынша құқықтар да берiлуге тиiс.
155. Комиссия шартының ұғымы және тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Комиссия шарты бойынша бір тарап, яғни комиссионер екінші тараптың, яғни комитенттің тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді. Комиссия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Комитент комиссионерге сыйақы төлеуге міндетті. Комитент комиссионерге сыйақы төлеуге, ал көзделген жағдайда шартта белгiленген мөлшерде қосымша сыйақы төлеуге де мiндеттi., яғни комиссионер өзiне алған тапсырманы комитенттiң нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде - іскерлік айналымының дағдыларына немесе әдетте комитент үшiн неғұрлым тиiмдi жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға мiндеттi, егер комиссионер мәмiленi комитент көрсеткеннен гөрi тиiмдi жағдайлар бойынша жасаған болса, түскен олжа, шартта өзгеше көзделмесе, тараптарға тең бөлiнедi.Егер комиссия шарты комитентке байланысты себептермен орындалмаса, комиссионер комиссиялық сыйақы алу, сондай-ақ шыққан шығындарының орнын толтыру құқығын сақтап қалады. Комитенттiң мәмiледе аты аталса немесе үшiншi тұлғамен мәмiле бойынша тiкелей қатынастарға кiрсе де, комиссионердiң үшiншi тұлғамен жасаған мәмiлесi бойынша комиссионер құқықтар иеленедi және мiндеттi болады.Комитенттiң талабы бойынша комиссионер мәмiле жасалған үшiншi тұлғаны құқықтарды бергенi туралы ескерте отырып, осындай мәмiле бойынша оған құқықтар беруге мiндеттi. Соңғысының комиссионерге осы мәмiледен туындайтын өз талаптарының негiзiнде комитент талаптарына қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ.