Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Азаматтық құқықтың негізгі принциптері (қағидалары).

Азаматтық құқық дегеніміз —азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі – азаматтық-құқыктық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығы; 2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық - Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодексте өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінгең: "Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұктажы үшін мүліктен күштеп айыру оның кұны тең бағамен етелген кезде жүргізілуі мүмкін"; 3) шарт еркіндігі - Зан шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін занды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің ездеріне контрагентті тавдауына, шарт талап-тарын мүлдем дербес айқындауға өрі оны тағайындауға мүмкіндік береді.' Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсе-кеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие.; 4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы - ; 5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

  1. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құқықтық режимінің ерекшеліктері.

Мемлекеттік Кәсіпорын — мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін  кәсіпорын. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;

2) оралымды (жедел) басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

Қазыналық кәсiпорын деп Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын деп танылады. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Жедел басқару құқығына негiзделген кәсiпорынның фирмалық атауында кәсiпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуге тиiс. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда көрсетiлген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен белгiленедi. Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қазыналық кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]