Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

128. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету

Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi. Егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметтi өзi көрсетуге мiндеттi. Тапсырысшы өзiне көрсетiлген қызметтерге өтелмелi қызмет көрсету шартында көрсетiлген мерзiм мен тәртiпте ақы төлеуге мiндеттi. Тапсырысшының кiнәсiнен орындау мүмкiн болмаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметке ақы толық көлемiнде төленуге жатады.

Тапсырысшы атқарушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқығы. Тапсырысшының кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтiрiлген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.

129. Тасымалдау шартына жалпы сипаттама

Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасу тасымалдау шартының негiзiнде жүргiзiледi.

Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдау үшін тараптардың келiсiмiнде белгiленген ақы төленедi.

Тасымалдаушы жүктi, жолаушыны және теңдеме жүктi тиiстi пунктке көлiк туралы заң актiлерiнде айқындалған және оларға сәйкес тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiмде жеткiзуге мiндеттi.

Егер жүктi, жолаушыны немесе теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi белгiленбесе және тараптар бұл мерзiмдi шартта көздемеген болса, жеткiзу қисынды мерзiмде жүргiзiлуi тиiс.

Көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiп бойынша жолаушының:

1) өзiмен бiрге балаларды тегiн немесе өзге де жеңiлдiктi жағдайларда алып жүруге;

2) белгiленген нормалардың шегiнде өзiмен бiрге қол жүгiн ақысыз алып жүруге;

3) теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.

Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда, тараптар осы Кодексте, көлiк туралы заң актiлерiнде, өзге заң актiлерiнде, сондай-ақ тараптардың келiсiмiнде белгiленгендей жауапты болады.

130. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны

Жүктi тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi. Жүк тасымалдау шарты көлiктiк құжатын, коносаменттi, тауар-көлiк құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген өзге құжатын толтыру арқылы ресiмделедi.

Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүк тиеуге қабылданған өтiнiмде (тапсырыста), тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде тиiстi жүкті тасымалдауға жарайтын күйінде ақаусыз көлiк құралдарын беруге мiндеттi. Жүк жөнелтушi тиiстi жүктi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы. Тасымалаушыға жүктi тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейiн оған көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiпте талаптар қойылуы мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]