Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық режимі ерекшеліктері.

Мемлекеттік Кәсіпорын — мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін  кәсіпорын. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;

2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын дегеніміз – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым. Оның құрылтайшы бекiтетiн шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. Мұндай кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.

Егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қарамағында не оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн өзіне қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлiк қана бола алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бiрақ оның мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынға берiлетін мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу күнінде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс. Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.       Меншiк иесi (құрылтайшы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу кезіне жарғылыќ капиталды толығымен қалыптастыруға тиiс.

  1. Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары.

Егер, азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы 1 жыл бойы ол туралы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, келесі жылғы бірінші қаңтар хабар-ошарсыз кетудің басталған күні деп есептеледі. Хабар-ошарсыз кетті деп танудың құқықтық салдары:

  • Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам мүлкіне қорғаншылық белгіленеді;

  • Ол адам берген не оған берілген сенімхаттың күші жойылады. - некесі бұзылады т.б.

Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның оралуының не оның тұрғылықты жерінің белгілі болуының құқықтық салдары: Оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күші жойылады; Оның мүлкінен қорғаншылық алынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]