Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

114.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.

Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты бойынша жалға беруші үйді немесе ғимараттарды жалға алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына беруге міндеттенеді.Бұл шарттың басқа да мүлікті жалдау шартының түрлерінен айырмашылығы, ол кәсіпкерлік және кәсіпкерлік емес болуы мүмкін. Өйткені үйлер мен ғимараттардың әртүрлі тағайындалуы мүмкін. Олар мәдени, ғылыми, қайырымдылық мақсаттарында, білім беру қызметін атқару үшін қолдануы мүмкін. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты тараптар қол қойған бірыңғай құжат ретінде жазбаша нысанда жасалады. Бұл нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған үйді немесе ғимаратты жалдау шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс және ол осындай тіркеуден өткен кезден бастап жасалды деп есептеледі. Бұл шарттың елеулі жағдайларына оның нысанасы және арендалық төлемдердің мөлшері туралы жағдайлар жатады. Бұл шарттың субъектілері болып қандай да болсын жеке және заңды тұлғалар келе алады. Жалға беруші тарапынан мүліктің меншік иелері немесе заңмен немесе шартпен мүлікті беруге бекітілген өкілетті тұлғалар қатысады. Бұл шарттың нысанасына барлық үйлер мен ғимараттар жатады, оларды тұруға да пайдалануы да мүмкін. Мәдени, тарихи ескеркіштер болып келетін ерекше үйлер мен ғимараттар оларды пайдалану тұтыну жағдайлары келіспегенде ғана жалға беріледі. Үйлерді, ғимараттарды жалға беру, оларға қызмет ету үшін қажетті жер учаскесін дәл сондай мерзімге уақытша жер пайдалануға әкеледі. Бұл шартта жалдау бағасы әдетте қолданылатын бағалармен анықталуы мүмкін емес, сондықтан ол шартта көзделуі тиіс. Тараптардың жалдау ақысының мөлшері туралы жазбаша түрде келіскен талаптары болмаған жағдайда бұл шарт жасалмаған деп саналады. Шарттың мазмұнына тоқталатын болсақ жалға беруші үйді немесе ғимаратты беруі ж.е оны жалға алушының қабылдауы, өткізу актісі н.се тараптар қол қоятын өткізу туралы өзге де құжат б.ша ж.ас. Үйді н.се ғимаратты беру тур.құжатқа тараптардың бірінің шартта көзделген талаптар б.ша қол қоюдан бас тартуы, тиісінше жалға берушінің мүлікті беру жөніндегі міндетін орындаудан, ал жалға алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп қаралады.

115.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.

Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi. Көлік құралын экипажымен жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиiс. Жалға берушi шарт қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде жалға берiлген көлiк құралын, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыру мен қажеттi керек-жарақтарын берудi қоса алғанда, тиiстi жағдайда ұстауға мiндеттi. Жалға алушыға жалға берушi берген көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша көрсететiн қызметiнiң көлемi шартта аталған жалдау мақсатына сәйкес оның қалыпты және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Көлік құралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым кең ауқымы көзделуі мүмкiн. Көлiк құралы экипажының құрамы және оның бiлiктiлiгi тараптар үшiн мiндеттi ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен мұндай талаптар белгiленбесе, көлiк құралының осы түрiн пайдаланудың әдеттегi практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиiс. Экипаж мүшелерi жалға берушiмен еңбек қатынастарын сақтап қалады. Олар жалға берушiнiң басқару мен техникалық пайдалануға қатысты өкiмдерiне және жалға алушының көлiк құралын коммерциялық пайдалануға қатысты өкiмдерiне бағынады. Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерiнiң көрсеткен қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды, сондай-ақ оларды ұстау жөнiндегi шығындарды жалға берушi көтередi. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн оны басқару және техникалық пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуімен жалдаудың осы параграфта көзделгендерден басқа ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгіленуі мүмкiн. Көлiк құралын басқару және техникалық пайдалану жөнiндегi қызмет көрсетусiз жалға алу (көлiк құралдарын экипажсыз жалдау) осы Кодекстің мүлік жалдау шарты туралы жалпы ережелеріне бағынады.

116.Прокат қатынасын құқ/қ реттеу. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады. Прокат шарты жария болып табылады. Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Прокат шартын жасасқан жалға берушi жалға алушының қатысуымен жалға берiлетiн мүлiктiң дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жалға алушыны мүлiктi пайдалану ережелерiмен таныстыруға не оған осы мүлiктi пайдалану туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге мiндеттi. Прокат шарты бойынша мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы, мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн, тұрлаулы сомада белгiленген төлемдер түрiнде белгiленедi. Жалға алушы мүлiктi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда жалға берушi мүлiктi пайдаланғаны үшiн алған ақының тиiстi бөлiгiн оған мүлiктi нақты қайтарған күннен кейiнгi күннен бастап есептеп қайтарады. Прокат шарты бойынша жалға берiлген мүлiктi күрделi және ағымдағы жөндеу жалға берушiнiң мiндетi болып табылады. Прокат шарты бойынша жалға алушыға берілген мүлікті қосымша жалға беруге, жалға алушының прокат шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруiне, осы мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, жалға алушының құқықтарын кепiлге салуға және оларды шаруашылық серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдарға мүлік салымы, өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде енгiзуге жол берiлмейдi.

117.Тұрғын үйге деген меншік құқ/ы. Жалпы ережелер.

Тұрғын үйге меншік құқығы және өзге құқықтар АКтің 194бабында және тұрғын үй туралы заңда анықталған.Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн  Қазақстан Республикасының заңдарында   белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жағдайда олардың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi.

Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi.Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.

Тұрғын үйдi сатып алу құқығы:1.Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. 2.Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.

Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша: 1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу; 2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу; 3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу; 4) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алуы; 5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;

6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру; 7) заңды тұлғалардың мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;

8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi заңдарда белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;

9) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылудың өтемi ретiнде тұрғын үй беру;

10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.

 

118.Мүлікті тегін пайдалану шарты. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру құқығы оның меншiк иесiне және соған заң актiлерi немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген өзге адамдарға берiледi. Коммерциялық ұйымның өз құрылтайшысы, қатысушысы, (акционерi), директоры, өзiнiң басқару немесе бақылау органдарының мүшесi болып табылатын адамға мүлiктi тегiн пайдалануға беруге құқығы жоқ. Несие берушi мүлiктi тегiн пайдалану шартының талаптары мен мүлiктiң мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын өзгертуге немесе тоқтатуға негiз болмайды. Тегiн пайдалану шартынба жасаған кезде несие берушi несие алушыға бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б) туралы Ескертуге міндетті. Бұл міндетті орындамау несие алушыға шартты бұзуды және өзi шеккен нақты зиянды өтеудi талап ету құқығын бередi. Егер мүлiк оны несие алушы, тегiн пайдалану шартына немесе мүлiктi мақсатына сай пайдаланбағандықтан жойылса немесе бүлiнсе не оны несие берушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға берсе, ол тегін пайдалануға алған мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады. Несие алушы тегiн пайдалануға алған мүлiктi, егер тегiн пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыруды қоса алғанда, дұрыс күйінде ұстап-тұтуға және оны ұстап-тұту жөнiндегi барлық шығындарды өтеуге мiндеттi. Тараптардың әрқайсысы мерзiмi көрсетiлмей жасалған тегiн пайдалану шартынан, егер шартта хабарлаудың өзге мерзiмi көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа бiр ай iшiнде хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Несие берушi мүлiкке иелiктен айыруды жүргiзуге немесе оны үшiншi тұлғаға тегiн пайдалану үшiн беруге құқылы. Бұл орайда жаңа меншiк иесiне немесе пайдаланушыға бұрын жасалған тегiн пайдалану шартынан құқықтар ауысады, ал оның мүлiкке қатысты құқықтарына несие алушының құқықтары қосылады. Тегiн пайдалану шарты, егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы азамат қайтыс болған немесе несие алушы заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.

119.Тұрғын үйді жалдау шарты. Тараптардың құқ/ры мен міндеттері. Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тiркеуге жатады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту мен бұзу негiздерi тұрғын үй заңдарында белгiленедi. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Мүлiктi жалға беру құқығы оның меншiк иесiне тиесiлi. Заң актiлерiнде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi. Жалға берушi жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi жасайтын кемшiлiктерi үшiн, тiптi ол шарт жасалған кезде бұл кемшiлiктер туралы бiлмесе де, жауап бередi. Жалға алушы мүлiктi шарт талаптарына сәйкес, ал егер шартта мұндай талаптар белгiленбесе, мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға мiндеттi. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi. Жалға алушы, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi дұрыс күйде ұстап-тұтуға, ағымдағы жөндеудi өз есебiнен жүргiзуге және мүлiктi ұстап-тұтуға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi. Жалданған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде жалға алушының алған өнiмi, жемiстерi және өзге де кiрiстерi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, оның меншiгi болып табылады.

120.Мердігерлік шартының ұғымы.Тараптардың құқ/ры мен міндеттері. Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартта белгiленген жұмысты тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн материалдарды берген тарап мойнына алады. Егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды. Егер мердiгерлiк шартта орындалған жұмысқа немесе оның жекелеген кезеңдерiне алдын ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердiгерге жұмыс тиiстi түрде және келiсiлген мерзiмде, не тапсырысшының келiсiмiмен - мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттi. Мердiгер заң актiлерiнде немесе шартта көрсетiлген жағдайлар мен мөлшерде ғана аванс не кепiлпұл төлеудi талап етуге құқылы. Шарттың орындалуына байланысты мердiгерге тиесiлi белгiленген бағаны не өзге соманы төлеу мiндетiн тапсырысшы орындамаған жағдайда мердiгердiң жұмыс нәтижесiн ұстап қалуға, сондай-ақ затты өңдеуге берiлген тапсырысшыға тиесiлi жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзiнде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалуға құқығы бар. Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi. Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттарды немесе өзге де мүлiктi өңдеу үшiн тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы. Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы. Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi. Егер мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, мердiгердiң жұмыс үшiн сыйақы талап етуге құқығы жоқ. Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс. Заң актiлерiнде немесе шартта мердiгердiң тапсырысшыға жұмыс сапасына кепiлдiк беруi көзделген жағдайда мердiгер тапсырысшыға бүкiл кепiлдiк мерзiмiнiң iшiнде осы АК талаптарына сай болуға тиiс жұмыс нәтижесiн беруге мiндеттi. Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, егер бұл шартта көзделсе немесе ақпараттың сипаты, онысыз жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiн болмаса, шарттың нысанасын пайдалануға немесе өзгеше iске асыруға қатысты ақпаратты беруге мiндеттi. Егер бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа шешімдер мен техникалық білiмдер туралы ақпарат, оның iшiнде құқықтық қорғауды пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық құпия ретiнде қаралуы мүмкiн мәлiметтер алса, оны екiншi тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға хабарлауға құқығы жоқ.

     

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]