Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

106. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:

      Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.       Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртiбiмен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы сәйкес тұлғаларға берiлуi мүмкiн. Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi.       Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.       Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актiлерiнде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.       Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөнiндегi мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды.       Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады.       Шартта тұрақты рентаны сатып алу құқығы рента алушының тiрi кезiнде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзiм iшiнде жүзеге асырылмайтындығы көзделуi мүмкiн. Рента алушы:       1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;       2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзған;       3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән-жайлар пайда болған;       4) рента төлемi ретiнде берiлген қозғалмайтын мүлiк жалпы меншiкке түскен немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнген жағдайларда;       5) шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушiнiң рентаны сатып алуын талап етуге құқылы.            Шартта рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады.       Шартта рента төлемiн төлеуге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерiнiң жылдық сомасымен қатар берiлген мүлiктiң бағасы да қосылады. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады.       Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]