Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Әрекет қабілеттілік түсінігі және шек қою ерекшеліктері.

Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігіне шек қою ерекшеліктеріне келсек:

- спирт ішімдіктеріне не есірткі заттарына салынуы салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтардың әрекет қабілеттілігі сотпен шектеледі;

- жеткілікті негіздер болған жағдайда 14-18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі қамқоршылық не қорғаншылық органдармен шектеледі;

Әрекет қабілеттілікті тоқтату негіздері:

-азаматтардың қайтыс болуы; - жүйке ауруы не ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп таниды.

  1. Азаматтық заңдардың тұлғаларға уақыт кеңістігі мен территорияға байланысты әсер етуі.

Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы ережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға саяды:

а) егер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша оның құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен өзгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады;

б) заңдардың өзгеруі өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болған күйінде сақталады;

в) егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер тоқтатылуы тиіс. Бұл ережелер «заңның кері күші болмайды» деген принциптің мазмұнын құрайды.

Бірақ Жаңа заң кейде құқық түзуші маңызы бар мерзімдерге, мысалы, иелену мерзіміне кері күш береді. Керісінше, ҚР Жоғарғы Кеңесінің «ҚР Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, АКде көзделген талап қою мерзімі АК қолдануға енгізілгеннен кейін ғана пайда болған міндеттемелер негіз болған дауларға қолданылады. Бұл ереже мерзімнің ұзақтығына ғана емес, сонымен қатар оны есептеу тәртібіне де, мысалы, талап қою мерзімінің үзілісін есептеуге де таралады.

Ал қазақстандық азаматтық заңдардың кеңістікке қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады: Бұл заң халықаралық шарттарға немесе жалпыға бірдей қабылданған халықаралық әдеттерге байланысты мемлекеттің аумағына жататын жер көлемін немесе жер бетін қоса алғанда (аумақтық сулар, ҚР туы астында жүзетін кемелер) ҚР барлық аумағында қолданылады. Қазақстан заңдары бұл аумақта ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларға, азаматтыға жоқ адамдарға, шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға бірдей дәрежеде таралады. Тікелей заң актілерінде белгіленетін жағдайлада ғана бұл ережеден ауытқушылық болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]