Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

100. Кәсіпорынды сатып алу-сату.

Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды.

Кәсiпорынның қызметкерлерi жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен сатушыдан сатып алушыға ауысады.

Фирмалық атауларды, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн және сатушыны дараландыратын басқа да құралдар мен оның өнiмдерiн, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететiн қызметiн пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негiзiнде дараландыратын құралдарды пайдалану жөнiнде сатушыға тиесiлi құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады.

Тиiстi қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негiзiнде алынған құқықтар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауға тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын мiндеттемелердiң енгiзiлуi сатып алушыны кредит берушiлер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы кредит берушілер алдында бірдей жауап береді.

Кәсіпорынды жекешелендіру тәртібімен сату ерекшеліктері жекешелендіру туралы заң актілерімен белгіленеді.

Кәсiпорынды сату шартының нысаны және оны мемлекеттiк тiркеу

1. Кәсiпорынды сату шарты тараптардың қолы қойылған бiр құжат дайындау жолымен жазбаша түрде жасалады.

2. Кәсiпорынды сату шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс және тiркелген кезiнен бастап жасалған болып есептеледi.

101. Айырбас шартының түсінігі мен мазмұны.

Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.

Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөніндегі шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.

Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.

Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады

Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы

Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.

Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]