Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі

   Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:       1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;       2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi.       Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады.     Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде сатып алу сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi.

Шартты орындауға дейiн пайда болған негiздер бойынша үшiншi тұлғалар сатып алушыдан тауарды алып қойған кезде сатушы, егер сатып алушы осы негiздердiң болғаны туралы бiлгенiн немесе білуге тиіс екенін дәлелдей алмаса, сатып алушыға оның шеккен залалын өтеуге мiндеттi. Егер сатушы шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта белгіленгенінен кемірек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, не тауардың жетiспейтiн санын берудi талап етуге, не берiлген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленiп қойған болса, оған төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.  Сатушы сатып алушыға тауарды шартта көрсетiлгенiнен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы бұл туралы сатушыға осы Кодекстiң 436-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi. Егер сатып алушыдан хабар алынғаннан кейiн қисынды мерзiмде сатушы тиiстi тауарға билiк етпесе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, сатып алушы бүкіл тауарды қабылдауға құқылы.  Сатып алушы тауарды шартта белгiленгенiнен артық мөлшерде қабылдаған жағдайда тиiстi тауарға ақы, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше баға белгiленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшiн белгiленген баға бойынша төленедi.

шiлiктен босату немесе жауапкершiлiгiн шектеу туралы келiсiмi жарамсыз болады.

  1. Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария болып табылады. Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез келген шарт жасауға міндетті. Бұл шартқа Азаматтық кодекстен басқа Қазақ ССР-ң 1991 жылғы 5-маусымдағы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы қолданымды болып келеді. Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып есептеледі. Шарт бойынша сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат келе алады. Сатып алушы, әдетте жеке тұлға болып келеді. Заңды тұлғалар тауарды бөлшек сауда кәсіпкершілік қызмет үшін емес, өзге мақсатта пайдалану үшін сатып алады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кез келген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады.

Сатып алушының қүұқығы мен міндеттері: Сатып алушы сатып алынған тауардың ақысынтөлеуге міндетті.Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша, сатып алушы затты қабылдағанда, оның берілген тауардың сапасын тексеру мен оның жедел түрде жіберілген кемшіліктері туралы хабарлау емес, затты нақты қабылдау бойынша әрекеттері маңызды болып келеді. Тараптар сатып алушы тауарды белгілі уақытта қабылдап алатынын қарастыратын шартты жасай алады, сол мерзім ішінде тауар өзге сатып алушыға сатылуы мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары тауар ақысы алдын ала төлену міндеті бекітіліп немесе тауар кредитке, не ақысы бөлініп төленетін болып сатыла алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]