Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

89. Мәмленің жасалу нысанын сақтамаудың салдары.

Мәміле болып азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері табылады. Мәмілелер біржақты немесе екіжақты, көпжақты болуы мүмкін. Мәміленің маңызы тараптардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Ал жазбаша түрде жасалған мәміледе бір тарап екінші тараптан мәмілені жасалғандығын растайтын құжат талап ете алады.

Мәмімілеге койылатын талаптарды сақтамаудың әдеттегі салдары мынаған саяды;олар жарамсыз деп танылады.

Бірақ мәиіле жасаудың жазбаша түрі тұралы талапты сақтамаудың салдары қандай деген сауалга бұл секілді бір магыналы жауап берілмейді. Дәлірек айтканда,Заңнан мынандай екі жауап шыгады;біріншісі жалпы ереже ретінде,екіншісі жалпы ережеден ерекше жағдай ретінде қолданылады.

Жалпы ереже мынандай мәміленің жазбаша түрінің бұзған үшін оның жарамсыздығын туғызбайды. Егер тараптар оның жасалу және мазмұны тұралы фактінің төңірегінде дауласпаса, мәміле заңдық күшін сақтайды. Мәміле орындалуға тиіс және оның бұзылуы жалпыға белгілі жауаптылықты тұғызады.

Қатысушылардың біреуі мәміле жасасқанын мүлде теріске шығаратын немесе оның мазмұнында келесі тарап талап ететін шарттардың бар екенін мойындамайтын жағдайда онын орындалуын талап ететін тұлға озінің дұрыстығын растайтын куәгерлік айғақтарды келтіре алмайды. Бірак баска, көбіне жазбаша дәледердікелтіре алады.

Сонымен мәміле жасаудың жай жазбаша түрінің бұзылуы жалпы ереже түрінде мәмілені жарамсыз етпегенімен,оның жасалғанын және ондағы шарттарды дәлелдеуді айтарлықтай қиындатады.

Бұл ережеден ауытқушылық та болады. Егер мысалы заң арқылы немесе талаптардың келісімімен мәміленің жазбаша түрінің талаптарына оның нысанын бұзу мәмілені жарамсыз етуге әкеп соқтыратыны жөнінде сөз қосылса ол нысан бұзылатын ретте ешұһқандай заң күшіни сақтамайды.

90. Кепіл туралы шарттың мазмұны және нысаны.

Кепіл туралы щарттың мазмұны үшін қажетті елеулі жағдайларға, жалпы ереже бойынша, кепіл нысаны туралы талап, оны бағалау, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері және орындау мерзімі, сондай-ақ кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екенін көрсету және оны кепіл туралы шарт күшінде болған кезде пайдалануға болатындығы жатады. Кепіл нысаны туралы талапқа нақты мүлікті кепіл нысанына жатқызу үшін қажетті ақпараттар болуға тиіс. Мысалы, кепіл нысаны ретінде жеке – белгілі бір нәрсені пайдаланғанда қандай нақты заттың кепілде екендігін анықтауға мүмкіндік беретіндей барлық ерекше белгілер көрсетілуі тиіс.

Тектік белгілерімен анықталатын нәрселерді кепілге өткізгенге тектік белгілер, сондай-ақ кепіл заттың қай жерде тұрғандығын білдіретін қажетті мәліметтер немесе нақты мүлікті кепіл нысаны ретінде анықтауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер көрсетіледі, мысалы астықты кепілге бергенде – оның сорты, астық қоймасының тұрған жері мен реквизиттері, астықты қоймада сақтау шартының елеулі талаптары көрсетіледі. Мүліктік құқықты кепілге салғанда – міндетті адам, мүліктік құқықтың туындау негіздері туралы қажетті деректер, атап айтқанда – реквизиттер, шарттың елеулі талаптары немесе заңдық факты жайындағы қажетті деректер – кепілге өткізілген мүліктік құқықтың туындау негіздері көрсетіледі.

Айта кететін бір жайт – кепіл нысанын бағалау оның нақты құнының жорамалы ғана, ол уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін. Сондықтан, өндіріп алуды кепіл нысанына аударғанда тараптар алғашқы бағаға жүгінбейді, себебі кепіл нысанының нақты құны мүліктің сондай түрлерінің өндіріп алу кезіндегі құнынан тұрады. Сондықтан да, кепіл мүлкіне қнліріп алуды қолданған тараптардың әрқайсысы оның құнына дау айта алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]