
- •Азаматтық құқықтық реттеу пәнінің түсінігі.
- •Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері. Бағалы қағаздарға қойылатын талаптар.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, элементтері мен ерекшеліктері.
- •Азаматтық құқықтың әдісі.
- •Мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі және түрлік сипаттамасы.
- •Құқық қабілеттілік түсінігі және оның мазмұны.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көзі. Құрылымы иерархиясы.
- •Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық режимі.
- •Әрекет қабілеттілік түсінігі және шек қою ерекшеліктері.
- •Азаматтық заңдардың тұлғаларға уақыт кеңістігі мен территорияға байланысты әсер етуі.
- •Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық режимі ерекшеліктері.
- •Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары.
- •Азаматтық құқықтың негізгі принциптері (қағидалары).
- •Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құқықтық режимінің ерекшеліктері.
- •Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері.
- •Мәміленің жарамсыздығы және оның салдары.
- •Заңды тұлғаның түсінігі және оның белгілері.
- •19. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері.
- •20. Мәмленің нысандары.
- •21. Шаруашылық серіктестіктердің түсінігі және олардың ерекшеліктері.
- •22. Субъективтік азаматтық құқықтар мен міндеттердің түсінігі.
- •23.Мәмілне жарамсыз деп танудың негіздері.
- •24. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •25. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері.
- •26. Заттарды азаматтық құқықтардың объектісі ретінде классификациялау.
- •27. Мәмілелер ұғымы және оның түрлері.
- •28. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы және өзгеру негіздері.
- •29. Ассоцияның құқықтық режимі.
- •30. Бағалы қағаз туралы түсінік және оның түрлері.
- •31. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері.
- •32. Мәміле ұғымы және мінездемесі.
- •34. Азаматтық құқық қабілеттілік ұғымы және мазмұны.
- •35. Талаптың ескіру мерзімінің тоқтатыла тұруы, үзіліс жасауы және қайта жаңаруы.
- •36. Коммерциялық заңды тұлғалар. Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен ерекшеліктері.
- •37. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі және түрлері
- •38. Өкілдіктің ұғымы, пайда болуы, негіздері, түрлері.
- •39. Интеллектуалдық қызмет нәтижелері азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
- •41. Талаптыңескірумерзімі, түсінігіжәне түрлері.
- •42. Өзіндік мүліктік емес игіліктер азаматтық құқықтың объектісі.
- •43. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану, азаматты өлді деп жариялау.
- •44. Мемлекеттің және әкімшілік территориялық бөліністердің азаматтық құқықтыққатынастарға қатысуы.
- •46. Қорғаншылық пен қамқоршылық
- •47. Қоғамдық бірлестіктің құқықтық режимі
- •49. Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері
- •50. Жеке мүліктік емес игіліктер, оларды қорғау.
- •51. Жекеменшік түсінігі және оның түрлері.
- •52. Заңды тұлғаның атауы және тұрғылықты жері
- •53. Акцияның бағалы қағаз ретінде түсінігі және түрлері.
- •54. Меншік құқын ықтиярсыз негізде тоқтату.
- •55. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
- •56. Бағалы қағаздарға құқықтық сипаттама.
- •57. Меншік құқын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері.
- •58. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу.
- •59. Азаматтық құқықтың объектілері.
- •61. Заңды тұлғаның таратылу негіздері мен тәртібі.
- •62. Азаматтық құқықтағы мерзімдер ұғымы мен түрлері.
- •63. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
- •64. Заңды тұлғаның қайта құрылуы, оның түрлері мен тәртібі.
- •65. Өкілдік туралы жалпы түсінік және оның түрлері.
- •66. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.
- •67. Заңды тұлғаның түсінігі мен оған құқықтық сипаттама
- •68. Сенімхаттың ұғымы мен түрлері.
- •69. Азаматтық шарт туралы түсінік және оның белгілері.
- •70. Коммерциялық заңды тұлғалар туралы түсінік және олардың түрлері.
- •71. Коммерциялық өкілдіктің ұғымы мен ерекшеліктері.
- •72. Шарттың классификациясы, нақты және консенсуалды шарттар.
- •73. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық ерекшеліктері
- •74. Сенім хатқа қойылатын талаптар
- •75. Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені тиісінше орындау ұғымы мен мазмұны.
- •76. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке құқықтық сипаттама беру.
- •77. Сенімхаттың тоқтатылу негіздері
- •78. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау.
- •79. Акционерлік қоғамның ұғымы мен құқықтық сипаттамасы.
- •80. Жалған және бүркеме мәмілелер
- •82. Жабық акционерлік қоғамның ерекшеліктері
- •83. Мәмленің жарамды болу шарттары
- •86. Мәмлелерді тіркеу ерекшеліктері
- •88. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы.
- •89. Мәмленің жасалу нысанын сақтамаудың салдары.
- •90. Кепіл туралы шарттың мазмұны және нысаны.
- •91 Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •96 Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •97. Тауар жеткізіл.Імі шартының түсінігі, маңызы
- •98. . Келісім-мәміле жасасу шартының ұғымы және оны құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •100. Кәсіпорынды сатып алу-сату.
- •101. Айырбас шартының түсінігі мен мазмұны.
- •102. Сыйға тарту шартының ұғымы және оған жалпы сипаттама беру.
- •103.Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •104. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •105. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •106. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •107. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •108. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •109. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •110. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •111.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •112.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •113.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •114.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •115.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •121. Бас мердігер және қосалқы мердігер
- •122. Мердігерлік шартын орындаудың ерекшеліктері
- •123. Мердігердің жұмыс сапасының тиісті дәрежеде болмауы үшін жауапкершілігі.
- •124.Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •125. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •126. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •127. Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •128. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •129. Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •130. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •131. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •132.Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •134. Көлік экспедиция шарты
- •135. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •136. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •137. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •138. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету
- •139. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •140. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •141.Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •142. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •143. Банктік шот шартын құқықтық реттеу
- •145. Арнайы сақтау шарттарына түрлік сипаттама беру.
- •146. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •147. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •148. Сақтандырудың нысандары мен түрлері.
- •149. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар.
- •150. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •151. Сақтандыру шартының жарамсыздығы.
- •152. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •153. Тапсырма шартының түсінігі мен мазмұны.
- •154. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
- •156. Комиссия шартын орындаудың ерекшеліктері.
- •157. Мүлікті сенімгерлікпен басқару, жалпы ережелер.
- •158. Франчайзинг шартының түсінігі мен мазмұны.
- •159. Конкурстық міндеттемелерге жалпы сипаттама беру.
- •160. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •161. Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері.
- •162. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •163. Жоғары қауіп көздері арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
- •164. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •165. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
- •166. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу.
- •167. Моральдық зиянды өтеу.
- •168. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.
- •169. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелер.
- •170. Интеллектуалдық меншіктің объектілеріне айрықша құқықтар, оларды қорғау.
- •171. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер.
- •172. Авторлық құқықтың субъектілері мен объектілері.
- •173. Автордың жеке және мүліктік құқықтары.
- •174. Авторлық шартының түсінігі, мазмұны мен түрлері.
- •175. Интеллектуалдық меншік құқығындағы лицензиялық шарттар.
- •176. Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру.
- •177. Өнертабысқа құқық, түсінігі, жалпы сипаттама.
- •178. Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •180. Патент түсінігі, түрлері, қолданылу мерзімдері.
- •181. Патент иесінің құықтары және оларды қорғау.
- •182. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік белгілер.
- •183. Селекциялық жетістік авторының құқықтары.
- •184. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар.
- •185. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау.
- •186. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушылардыдараландыру құралдары.
- •187. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері.
- •188. Мұрагерлер. Лайықсыз мұрагерлер. Мұрагерлік құқық қабылдаушылықтың объектілері.
- •189. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар.
- •190. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы.
- •191. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту (легат).
- •192. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі.
- •193. Мұрадағы міндетті үлес.
- •194. Мұра алу. Мұрадан бас тарту.
- •195. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу. Мұрагерлік мүлікті қорғау.
86. Мәмлелерді тіркеу ерекшеліктері
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.
Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады.Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн. Мәмілелерді тіркеу
1. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.
2. Егер тараптардың бірі мәміле бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқықтар сот шешіміне сәйкес тіркеледі.
87. Кепіл Ипотека. Ипотека мен кепіл айырмашылығы
Кепіл,мұнда кепіл нысаны кепіл ұстаушының иелігіне беріледі. Ипотека, мұнда кепіл нысаны, кепіл күшінде тұрған кезде, оны пайдалану құқығымен кепіл берушінің немесе үшінші адамның иелігінде қалады. Кепілзатттың түрлеріне жататындар: ломбардтағы тауарлар кепілі, онда кәсіпкер кепіл ұстаушының айрықша жағдайы кепілді құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне байланысты; тауар қоймасында тұрған тауарлар кепілі –кепілді құқықтық реттеудің және оны рәсімдеудің ерекшеліктері кепіл мүлкін сақтаушының кәсіпкердің құқықтық қатынастарға қатысуында. Ипотекеның бір түрі – айналымдағы тауарлар кепілі, оның ерекшелігі-кепіл нысаны ретінде қолданылатын заттарды өңдеуге, табиғи формасын өзгертуге ұшыраған заттарды не тектік белгілермен анықталатын заттарды пайдаланумен байланысты. қолданыста емес жылжитын заттар кепілзатқа да, ипотекеғада берілуі мүмкін. Сақтауға немесе ұстағанға қосымша шығындарды және өзге де жұмсалымды керек ететін жылжымалы заттарды кепілзатқа алудан бас тартылуы мүмкін.
88. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы.
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады және коммерциялық ұйымдардың қатарына кіреді.Өнірістік кооперативтің акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктен айырмашылығы бар, өндірістік кооператив дегеніміз бұл ең алдымен, еңбек бірлестігі, ал шаруашылық серіктестік бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және халықтық сипаты, міне, осы жағымен айқындалады, оларды қомақты ақша қаржаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін азаматтар құра алады. Оны құрудың және олардың қызмет етуінің негізгі принциптері:кіру және шығу еркіндігі; мүліктік жарна енгізу міндеттілігі; басқарудың демократиялығы; өзара жәрдем көрсету және оның мүшелері үшін экономикалық пайда табуды қамтамасыз ету; өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпараттарды алу мүмкіндігі. Кооператив бұл қашанда бірнеше адамның еңбегін біріктіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды, яғни кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауы керек. Он алты жасқа жеткен, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға қабілетті кез келген жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады. Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке кіру үшін олардың ата аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімін алу талап етіледі. Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің ұйымдық құықтық нысанында құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері де өз қызметін ҚР Үкіметі айқындайтын үлгі жарғының негізінде жүзеге асуы мүмкін. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртібі және олардың жарналарды енгізу жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртібі және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң таза табысын бөлу тәртібі туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе біліктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөніндегі шешiмдер қабылдау тәртібі туралы ережелер болуға тиiс. Кооператив құрылатын сәтте оның құрылтайшыларының мүліктік жарналары кооперативтің өндірістік қаржы негізі қызметін атқарады. Мүліктік жарналар кооперативтің бастапқы капиталын құрайды, олар кооператв құру және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығындарды жабуға арналған. Мүліктік жарналар құрамы мен мөлшерін, сондай ақ оларды енгізу тәртібін, әдістері мен мерзімін құрылтай шарты немесе жарғы айқындайды. Мүліутіу жарна бастапқа, қосымша немесе кіріспе жарналарға бөлінуі мүмкін.Өндірістік кооперативтің таза табысы жылдың қорытындысы бойынша анықталады. Салықтарды және басқа міндеттерді төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза табыс кооперативтің толық билігіне өтіп, жалпы жиналыстың шешімімен кооперативтің құрылтай құжаттарынада көзделген мақсаттарға бөлінеді. Жалпы жиналыс анықтаған көлемдегі таза табыс олардың қосқан еңбек үлестеріне қарай кооператив мүшелері арасында бөлінеді. Кооперативтің таза табысын бөлуге және шеккен зиянын жабуға қатысудан кооперативтің қайсібір мүшелерін шеттететін кооператив мүшелерінің келісімдері немесе оның құрылтай құжаттарының ережелері жарамсыз болып табылады. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар. «Мүліктік жарна» ұғымы «пай» және «мүліктегі үлес» ұғымдарымен байланысты.Пай дегеніміз жалпы іске қоылған үлес. Кооперативтің меншігіндегі мүлік оның жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің пайдаларына бөлінеді. Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесi мен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi. Тек кооператив мүшелерi ғана қадағалау кеңесi мен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшесi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде қадағалау кеңесiнiң мүшесi және басқарма мүшесi бола алмайды. Өндірістік кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкiн. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртібі осы Кодексте және басқа заң құжаттарында белгiленедi. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылуы мүмкiн.