Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

82. Жабық акционерлік қоғамның ерекшеліктері

Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғылық қоры акционерлердің арасында тара­тылған акциялардың белгілі бір саны­на бөлінген заң­ды тұлға, мұндағы акция­лардың саны олар­дың пайдадан өзінің үле­сін (дивидендтер) алуы құқығын куә­лан­дырады. Акционерлер АҚ міндет­те­мелері бойынша жауап бермейді және оның қызметімен байланысты залал­дар­ды шегуге өздеріне тиесілі акциялар ше­гінде тәуекел етеді. Бағалы қағаздар шы­ға­ру арқылы қаржы ресурстарын жұ­мылдыру акцио­нер­лік қоғамның басты артық­шылығы болып табы­лады.  Жабық акционерлік қоғам – акция­лары тек өз құрылтайшылары немесе ал­дын ала белгіленген өзге адамдар ара­сында таратылатын АҚ. ЖАҚ өзі шы­ға­ратын акцияларды тек жабық тә­сіл­мен ғана орналастыруға құқылы. Өз ак­ция­ларын сатқысы келетін жабық ак­цио­нер­лік қоғамның акционері оларды қоғам­ның басқа қатысушыларына сатып алуды ұсы­нуға, олар бас тартқан жағдайда қо­ғам­ның өзіне сатып алуды ұсынуға мін­детті.

 

83. Мәмленің жарамды болу шарттары

Мәмілелерге койылатын талаптардын сакталмауын әдеттегі салдары мынаган саяды;олар жарамсыз деп танылады. Бірақ мәміле жасаудың жазбаша түрі туралы талапты сактамаудың салдары кандай деген сауалға бұл секілді бір магыналы жауап берілмейді. Дәлірек айтканда,заңнан мынандай екі жауап шығады;біреуі – жалпы ереже ретінде, екіншісі – жалпы ережеден ерекше жағдай ретінде қолданылады.

Жалпы ереже мынандай; мәміленің жазбаша түрінің бұзылуы оның жарамсыздығын туғызбайды. Егер талаптар оның жасалуы және мазмұны тұралы фактіні тоңірегіне дауласпаса, мәміле заңдық күшін сақтайды. Мәміле орындалуга тиіс және оның бұзылуы жалпыға белгілі жауаптылықты туғызады.

Қатысушылардың біреуі мәміле жасасқанын мүлде теріске шығаратын немесе оның мазмұнында келесі тарап талап ететін шарттардың бар екенін мойындатпайтын жагдайда оның орындалуын талап ететін тұлға өзінің дұрыстығын растайтын куәгерлік айғақтарды келтіре алмайды. Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс. Яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі керек. Мысалы құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады. Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады. Мәміленің жарамды болуы үшін еркі мен ерік білдіру бір – бірімен сәйкес келуі керек.

84.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері. . Азаматтық құқық норомаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайларда міндеттемені ерікті түрде ж/е тиісінше орындайды. Сондай-ақ практикада міндеттемені орындамау да көптеп ке,здесіп жатады. Осыған байланысты заң міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды қолданады. Аз-қ құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда не шартта көзделген , борышкердің міндеттемені орындауына тиіснше ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан да ол міндеттеменің бәріне бірдей емес тек заңдарда не келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданылады. АК сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, кпіл болушылық, кепілдік, кепілпұл және т.б. жатады. Міндеттемені орындауды қам-з ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. М/ы: сатып алу-сату шарты негізгі міндеттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. АК нормаларына сәйкес, негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыздығына әкеліп соқтырмайды. Қамтамасыз ету (қосымша) міндеттемесі туралы келісім жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, м/ы, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.

85. Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы. АҚ-дар құру мен олардың қызметі ҚР АК және 1998 ж. 10-шілдеде қабылданған ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен реттеледі. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға АҚ болып табылады. АҚ-ның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. АҚ-ның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда АҚ бір адамнан тұруы не құрылуы мүмкін. Заңдарда көзделген жағдайларда, АҚ-ның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Құрылтай шарты мен жарғы АҚ-ның құрылтай құжаттары болып табылады. АҚ-ның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті заңмен белгіленген а.е.к.-тің 50 000 еселенген мөлшерінде болады. АҚ-дар жай акциялар не жай және артықшылықта акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. АҚ ұйымдық құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ. АҚ қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Сондай-ақ купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. АҚ заңдарда белгіленген тәртіппен туынды бағалы қағаздар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы. АҚ-ның жоғарғы органы оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ақ-да директорлар кеңесі құрылады, ол қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. АҚ атқарушы органы алқалы не жеке дара болуы мүмкін. Ол АҚ қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады. АҚ өзге де органдар құрылуы мүмкін. АҚ акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы не таратылуы мүмкін. АҚ ШС не өндірістік кооператив болып қайта құрылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]