Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

80. Жалған және бүркеме мәмілелер

Жалған мәміле дегеніміз – заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәміле. Айналадағылар жаңылыстырылуы мүмкін. Ал тараптардың өздері ешқандай мәміленің болмағанын және оның бұларға ешқандай міндеттер жүктей алмайтынын ұсынады. Мысалы, өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалған адам мүлкінің тәркіленуін қауіптеніп, үйіндегі бағалы заттарын туысына «сатады » да, одан ақша алмай, заттарымды алғашқы тілегім бойынша қайтарасың деп уағдаласады. Жалған мәміле кейде өтірік мәміле деп те аталады.

Жалған мәміле, сондай-ақ одан пайда табуды көздеген тараптың талап етуі бойынша орындалмауға тиіс. Мысалы, сый алушы өтіріксыйға тарту шарты бойынша өзіне мүлікті беруді талап ете алмайды.

Жалған мәміледен өзгеше, қулықпен жасалатынмәміледе тараптардың еркі айналадағылар үшін сырттай кқрінетін емес, өзге тараптардың ойындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға бағытталған. Қулықпен жасалатын мәміледе: а) басқа мәмілені бүркеп тұратын сыртқы, қулықпен жасалатын мәмілені; б) мәмілені бүркеп тұратын, ішкі, қулықпен жасалатын мәмілені ажырату керек.

Қулықпен жасалатын мәміле көбіне заңның тыйым салған тұстарын орағытып өтуге бағытталған. Алайда, айналадағыларда тараптардың шынайы ниеті туралы жалған түсінік туғызғанымен, заңға қайшы нәтижеге жетуге бағытталмаған қулықпен жасалатын мәмілелер де болады. Оны басқаша бүркеме мәміле деп те атайды.

Қулықпен жасалатын мәміледе екі мәмілені айыруға болғандықтан, олардың әрқайсысы өз бетінше бағалауды керек етеді. Басқа мәмілені бүркеп тұратын мәмілені қашанда жарамсыз болады. Тараптар іс жүзінде бұған тырыспағандықтан, оның ешқандай салдары болмайды.

Тараптар шын мәнінде қулықпен жасаған мәмілеге келетін болсақ, оның заңдылығы немесе заңсыздығы нақты белгілер бойынша анықталады. Егер тараптар мұндай белгілер бойынша заңды бұзса, қулықпен жасалған мәміле жарамсыз болады.

81. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы түсінік және мазмұны Міндеттеме бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісінің ырқына ғана емес, борышқордың да еркіне байланысты. Міндеттемеден басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міндеттеме талап етуге құқық береді, бірақ, жалпы ереже бойынша, борышқор уәде еткен әрекетті орындауға мәжбүрлемейді. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол жеке белгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орныдауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік. Жалпы ережеге сәйкес міндеттеме бойынша әрекет жасау міндетті адамның еркіне байланысты, ол міндеттемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік береді. Сонымен қатар несие беруші, міндеттемелік қатынастар бойынша борышкердің міндеттемені орындамауына байланысты шығындардың орынын толтыруға құқылы. Кез келген міндеттемені орындау, жалпы ереже бойынша, несие берушінің заңда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі. Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша міндеттеменің орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер деп аталады. Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалдуын қамтамасыз ететін тәсілге заңда немесе шартта көзделген, борышқордың міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие ьерушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар әдетте мына мақсаттарды көздейді: борышқордың жауапкершілігінің ауқымына ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандақ үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағандық немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады; борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту бұл шараларға, атап айтқанда кепілдік және кепіл беру жатады; несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру бұл шараларға, мысалы, кепілзат жатады; борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады; борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.Тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де заңнамада көзделмей шартта белгіленуіде мүмкін. Міндеттеменің орындалуының қамтамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты. Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ережелер бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемегеқатысты қосымша болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдылық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіаке негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]