Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

77. Сенімхаттың тоқтатылу негіздері

Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі. Сенімхаттың тоқтатылу және оның салдарлары. Сенімхаттың күші мынандай жағдайларда жойылады:

1) сенімхат мерзімінің өтуі;

2) сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;

3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;

4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

5) атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;

6) өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

7) секнімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қаблеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;

8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады. Сенімхат тоқтатылған бойда, оны алған тұлға сенімхатты берген тұлғаға немесе оның заңды мирасқорына қайтаруы керек. Сенімхаттың қайтарылуы туралы сенімхат беруші сенімхат берілген тұлғаны және өкілдік берілген үшінші тұлғаны хабардар етуі тиіс.

78. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау.

Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.

Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.

79. Акционерлік қоғамның ұғымы мен құқықтық сипаттамасы.

АҚ-дар құру мен олардың қызметі ҚР АК және 1998 ж. 10-шілдеде қабылданған ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен реттеледі. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға АҚ болып табылады. АҚ-ның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. АҚ-ның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда АҚ бір адамнан тұруы не құрылуы мүмкін. Заңдарда көзделген жағдайларда, АҚ-ның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Құрылтай шарты мен жарғы АҚ-ның құрылтай құжаттары болып табылады. АҚ-ның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті заңмен белгіленген а.е.к.-тің 50 000 еселенген мөлшерінде болады. АҚ-дар жай акциялар не жай және артықшылықта акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. АҚ ұйымдық құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ. АҚ қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Сондай-ақ купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. АҚ заңдарда белгіленген тәртіппен туынды бағалы қағаздар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы. АҚ-ның жоғарғы органы оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ақ-да директорлар кеңесі құрылады, ол қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. АҚ атқарушы органы алқалы не жеке дара болуы мүмкін. Ол АҚ қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады. АҚ өзге де органдар құрылуы мүмкін. АҚ акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы не таратылуы мүмкін. АҚ ШС не өндірістік кооператив болып қайта құрылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]