Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

72. Шарттың классификациясы, нақты және консенсуалды шарттар.

Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Кнсенсуалдық шарт дегеніміз – шарттардың көпшілігі, яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол соттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.) Бірақ, кейбір шарттар (мысалға, сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс. Шарттың крнсенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте , шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылайша орындалуы тиіс. Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша аныөталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндеттенеді, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуалдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.

73. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық ерекшеліктері

Шаруашылық серіктестік - Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктесгігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.

Ерекшеліктері:

  • бір шаруашылық серіктестікке мүше тұлға, басқа шаруашылық серіктестіктің құрылтайшысы болуы мүмкін;

  • шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкешілігі шектеулі серіктестік, қосымша дауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін;

  • құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады;

  • жарғы бір адам құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады;

  • шаруашылық серіктестігін құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс;

74. Сенім хатқа қойылатын талаптар

Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.

Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін:

1) мәміле жасау;

2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;

3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;

4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б.

Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады: 1) мерзімінің өтуі;

2) көзделген әрекеттің орындалуы;

3) Сенімхат. беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы;

4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

5) Сенімхат. берілген заңды тұлғаның таратылуы;

6) Сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]