Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

70. Коммерциялық заңды тұлғалар туралы түсінік және олардың түрлері.

Заңды тұлға дегеніміз – меншігінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленетін жіне іске асыратын, сотта талапкер жіне жауапкер бола алатын ұйым. Қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болады. Коммерциялық заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серктестігі, өн. Кооператив, акционерлік қоғам нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес заңды тұлағалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, діни бірлестік, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам. Коммерциялық заңды тұлғалар заңмен тыйым салынбаған әрекеттің барлығын жасай алады. Егер заңды тұлға пайда табу мақсатымен бірлестік құратын болса, онда мұндай бірлестік коммерциялық ұйым деп аталады. Егер мұндай бірлестікке заңды тұлға мәртебесі берілмесе, онда ол концорциум деп аталады. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Аталған коммерциялық ұйымдардың түрлері өз алдыларына бөлінеді. Жалпы айтсақ жоғарыдағы коммерциялық ұйымдардың басты мақсаты пайда табу болып табылады.

71. Коммерциялық өкілдіктің ұғымы мен ерекшеліктері.

Коммерциялық өкіл – кәсіпкерлер өкілдік беруші адаммен еңбек қатынастары жоқ, өкілдік беруші адаммен жазбаша түрде жасасқан шарт негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін сыйақы алатын және өзіне берілген тапсырманы орындауға міндетті, кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлер атынан ұдайы және өз бетінше әрекет ететін адам.

Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері:

  • тауар туралы қажетті ақпарат жинау;

  • әр түрлі елдерде филиалдарының болуы;

  • бәсекелестердің қызмет нысандары мен әдістерінің тиімділігін зерттеу;

  • жергілікті дәстүрлер мен нарықтық мүмкіндіктерді ескере отырып, сұранысты зерттеу, SWOT-талдау және бәсекелестік артықшылықтарды анықтау;

  • Сіздің өніміңіздің немесе қызметтеріңіздің көрмелерін, тұсаукесерлерін ұйымдастыру;

  • жарнама кампанияларын өткізу;

  • салықтық және кедендік заңнама, ішкі саяси мәселелер бойынша кеңестер;

  • сенімді әріптестерді іздеу, дилерлік желі мен бөлшек дистрибуцияны құру, филиалдарды ұйымдастыру;

  • логистикалық инфрақұрылымды және өнімді жеткізу схемаларын әзірлеу;

  • тасымалдау тәуекелдерін зерттеу, қажет болған жағдайда - сақтандыру компаниясы мен жүк тасымалдау компаниясын таңдау;

  • тауар өткізуді ынталандыру жөніндегі тұсыныстарды әзірлеу;

  • заңдық және бухгалтерлік сүйемелдеу;

  • маркетингтік стратегияны құру, өнімді ілгерілету технологиясын, тапсырыс берушілермен жұмыс істеу стандарттарын, фирманың ішіндегі жүріс-тұрыс ережелерін әзірлеу;

  • өңірлік клиенттермен келіссөздер жүргізу;

  • шарттар жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]