Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

68. Сенімхаттың ұғымы мен түрлері.

Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі. Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі. Сенімхаттың түрі екіге бөлінеді ауызша және жазбаша.

Сенімхат - құжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады. Сенімхат куәлігін жеке, тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс. Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескертуі қажет.

69. Азаматтық шарт туралы түсінік және оның белгілері.

Шарт – екі не одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту не тоқтату туралы келісімі.Шартқа екіжақты не көпжақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті. Шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық не өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Түрлері: аралас шарт – заңдарда көзделген түрлі шарттардың элементтері бар шарт. Ақылы шарт – тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы не бір нәрсе беруі керек болатын шарт. Ақысыз шарт – бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай не еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт. Жария шарт – коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстар атқару не қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт. Қосылу шарты – ережелерін тараптардың біреуі формулярларда белгілеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт. Үшінші жақ пайдасына жасалатын шарт – тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген не көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]