Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

67. Заңды тұлғаның түсінігі мен оған құқықтық сипаттама

Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болады. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып табылады. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.

Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден –бір салық төлеуші субьект. АК бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқылық нысанға бөлінеді: - заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың (қатынасушылардың) құқығы негізінде; - заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқылығы; - ұйымдастыру құқылық негізде. Құрылтайшылардың заңды тұлғаларға немесе оның мүлкіне қандай құқық сақталатындығына байланысты заңды тұлғалар үш топқа бөлінеді: - заңды тұлғаларға оның құрылтайшыларының міндеттемелік құқығымен оларға: шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері; - заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары мүлікке меншіктік құқылығыменмен, яғни басқаша, заттық құқылығымен: мемлекеттік және муниципаиалды унитарлық кәсіпорын; - заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары ешқандай мүліктік құқылары жоқ (міндеттемелік те, мүліктік те). Оларға қоғамдық, діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және басқа да қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі (ассоциациялар, одақтар) кіреді.Заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестіктің қоғамдағы орны ерекше. Сонымен заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестік мемлекеттің экономикалық дамуына зор үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің ішінде көп таралған, танымал түрі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Бір немесе бірнеше адам құраған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты заңдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл соамлар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және ҚР-ңзаңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. ЖШС өзі орналасқан жерден тыс жерлерде ҚР азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдктер ашуға құқылы. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс. ЖШС құру үшін оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасауымен басталып, серіктестіктікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]