Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

63. Міндеттеменің пайда болу негіздері.

Міндеттеменің пайда болу негіздері, бұл – заңдық фактылар, яғни құқық нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе тоөтатуын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамның ықтиярынсыз болатын, мысалы, баланың тууы,табиғи құбылыстар) бөлінеді. Міндеттеме туындауының мынадай маңызды негіздерін атауға болады:

  1. Шарт және өзге мәмілелер (заңды әрекеттер). Міндеттеменің туындауының негізі, шарттан басқа, біржақты мәміле болуы мүмкін (мысалы, конкурс немесе марапаттауға жария уәде беру).

  2. Әкімшілік акт (заңды әрекеттер) – мемлекеттік органдардың жеке актілері. Қазіргі кезде жоспарлы реттеудіңтаратылуына және тұрғын үйге ордерлердің жойылуына байланысты әкімшілік актілердіңрөлі едәуір төмендеді. Осы актілердің (лицензия, жекешелендіру туралы акт, міндетті түрде шарт жасасқандағы акт және т.б.)

  3. Зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер. Азаматқа немесе аңды тұлғаға зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер деликттік деп аталады. Міндеттеменің туындауына негіз болатын басқа бір заңсыз әрекет, ол – негізсіз баю. Заңнамада немесе мәміледе белгіленген негіздерсіз, басқа адамның есебінен мүлік иемденген немесе жинақтаған адам негісзіс иемденеген немесе жинақтаған мүлкін сол адамға қайтаруға міндетті (негізсіз баю).

  4. Интеллектуалдық меншіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану. Мысалы, авторлық, лицензиялық шарттар жасасқанда және т.б.

  5. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге әрекеттері. Мысалы, адамның жеке басына немесе басқа адамның мүлкіне келетін зиянды тойтару мақсатындағы заңды әрекеттер, егер ол әрекеттер мүдделі адамдардың тапсыруынсыз немесе келісімінсіз жасалса. Мысалы, су тасқыны немесе өрт кезінде азамат адамдарды немесемүлікті құтқарамын деп ауыр жарақат алса немесе қаза тапса. Азамат тартқан шығынды немесе өзге нақты залалды өтеу жөнінде міндеттеме туындайды. Өзге заңды әрекеттерден туындайтын міндеттемелерге затын жоғалтқан адамның сол затты тауып алған жеке меншік иесіне қайтарған адамға оның шығындарын және оған сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемесін жатқызуға болады.

  6. Оқиға. Әдетте, оқиғаның өзі міндеттеме тудырмайды, бірақ күрделі заңдық құрамның заңдық фактілерінің бірі болып табылады. Мысалы, өсиеттік бас тарту және өсиет қалдырушының қайтыс болуы. Құқық тудыратын оқиғалар қатарына сақтандыру жағдайының болуын жатқызуға болады, ол сақтандыру өтемін төлеу жөніндегі міндеттемені күшіне ендіреді, бұл, өз кезегінде, соған дейін бар сақтандыру міндеттемесін орындағандық болып табылады. Навигацияның ашылы жүк тасымулдау жөніндегі міндеттемені орындаудың басталғанын білдіреді.

64. Заңды тұлғаның қайта құрылуы, оның түрлері мен тәртібі.

Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшыларының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен , немесе заң құжаттарында көздеоген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. АК-да көрсетілгендей қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын – қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту – атап көрсетеді.

Қосу кезінде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтарымен міндеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді. Өткізу актісі – бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және өзгерту кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға – құқық мирасқорына өтетін мүліктік құқықтар мен міндеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің меншік иесі бекітіп, тіркеу кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі тиіс.

Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден өткізуде тіркеуші орган өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде жаңадан құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол мезгілде көрсетілуі тиіс.

Біріктіру кезінде бір және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.

Бөлу кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады да, оның негізінде екі және одан да көп заңды тұлғалар ұйымдастырылады. Бқлінетін заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан құрылған заңды тұлғаларға өтеді.

Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан екі және одан да көп заңды тұлғалар бөлінеді, мұнда бастапқы заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды. Сондықтан бастапқы заңды тұлға қайта тіркеуден өтуге тиіс, ал бөлінген, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Мүліктік құқықтар мен міндеттердің өтуі де бөлу балансымен рәсімделеді.

Бөлу балансы дегеніміз – бұл қайта құрылатын заңды тұлғаның құрамынан екі және одан да көп заңды тұлғалар бөлінеді, мұнда бастапқы заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды.

Өзгерту дегеніміз – бір заңды тұлғаның атын, немесе жұмыс істеу тактикасын өзгерту (мысалға, ет шығаратын комбинаттың, тоқыма шығару фабрикасы болып ауысуы).

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]