Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

61. Заңды тұлғаның таратылу негіздері мен тәртібі.

Заңды тұлғаның қайта құрылуы және таратылуы нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз – бұл оны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару жолымен заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттіліігін тоқтату. Заңды тұлғаны тарату кезінде құқық мирасқорлық заңды тұлғаны қайта құрудағыдай сақталмайды. Заңды тұлғаны тарату ерікті және ықтиярсыз болуы мүмкін. Мекемені тарату мүліктің меншік иесінің немесе егер мемлекеттік мекеме таратылатын болса, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның кейбір түрлерін тарату ерекшеліктері осы түрлер туралы нормативтік құқықтық актілерде көзделеді, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңдардың ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны ықтиярсыз тарату соттың шешімімен жүргізіледі. АК-ның бабтарына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды тұлға:

  1. банкрот болған;

  2. заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

  3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

  4. тиісті рұқсат алынбаған ( лицензиясыз ) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;

  5. заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе оны тарату туралы шешім қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару жөнінде өкілеттік қабылдайды, сотта таратылатын заңды тұлғаның атынан әрекет етеді.

Заңды тұлға таратылғаннан кейін оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылады. Заңды тұлғаның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтарыбар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары ьар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына беріледі. Таратылған заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтнлген деп есептеледі. Егер несие беруші сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шемімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі. Заңды тұлғлардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба жасалғаннан кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі тоқтатылды деп есептеледі.

62. Азаматтық құқықтағы мерзімдер ұғымы мен түрлері.

Азаматтық құқықта мерзім үғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі. Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады. Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни, адамдардың еркінен тыс болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады. Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

  2. Субъективті құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

  3. Үзіп тастау мерзімі;

  4. Кепілдік мерзімдер;

  5. Кінәрат қоятын мерзімдер;

  6. Азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;

  7. Азаматтық-құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Осыларға жеке-жеке тоқталсақ. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты. Субъективті құқықтарды жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы, иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады. (АК-тің 240-бабы). Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені, ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым құқығынан айырылады. Кепілдік мерзім дегеніміз сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға немесе пайдалануғ араналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуға берілетін мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін байқау мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап, ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады. Кепілдік мерзімі субъективті құқығын бұзған тұдға үшін заңмен белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орыындалады. Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа жауап беру мерзімін де көрсетеді. міндеттерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімен тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне орай міндетті саналады. Азаматтық-құқықтарды қорғау мерзімдері – Азаматтық кодекстің 7-тарауында қаралған талап қою мерзімі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]