Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

59. Азаматтық құқықтың объектілері.

Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азамттық құқық объектісі деп аталады.

Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

 Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.

Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды. Жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тоқталып өтсек: Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады.

Егер кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншiкте болса, олар дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi (түрлерi) болып танылады. Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, «өзен-теңiз» жүзу кемелері, ғарыш объектiлері де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актiлердiң жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтiн нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген заттарға қолданылады. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлiк жылжымалы мүлiк деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi. Сонымен қатар мүлiк бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.

Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз - бөлу нәтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк. Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз - өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк.

2. Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi. Егер әртектi заттар оны бiрiгу мәнi белгiлейтiн мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат (күрделi зат) деп қаралады.

2. Күрделi зат жөнiнде жасалған мәмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.

Сонымен қатар, Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған және ортақ шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.

60. Міндеттемелік құқық ұғымы және жүйесі.

Міндеттемелік қатынасты реттейтін, азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы – міндеттемелік құқығы деп аталады. Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген: а) «міндеттемелік құқығ» (екі бөлімшеден: «Міндеттеме туралы жалпы ережелер» және «Шарт туралы жалпы ережелерден тұрады»); ә) «Міндеттемелердің жекелеген түрлері». Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың «Жалпы бөлімі» бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың Ерекше бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі Азаматтық кодекстің тиісті тарауларымен қаралмай қалған міндеттеменің бірқатар түрін реттейді. Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары Азаматтық кодекске кірмей қалған әлденеше зеңдарда тәртіптелгенін айта кету керек. Осындай нормалардың саны мейлінше көп, олар меншік, мұрагерлік авторлық және т,б. қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық институттар құрамына енеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]