Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

57. Меншік құқын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері.

Меншік иесі меншік құқығын тануды талап етуге құқылы. Меншік иесі өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Азаматтық құқық-қ қорғаудың басты мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған нәрсесін өзіне қайтару не өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады. Затын қайтару туралы аз-қ талапты виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергілерді жою талабын негаторлы талап д.а. Виндикация. Меншік иесі өзгенің заңсыз иеленуіндегі өз мүлкін талап етуге құқылы. Зат ты иемдену оның заңды иесімен жасалған келісімге негізделмесе, заңсыз иелену д.а. Кейде меншік иесі затын виндикация жолымен қайтарып ала алмайтын жағдайлар да бар. М/ы: азамат 1 ж. мерзімге өз теледидарын жалға берді де, 3 айдан кейін вин-я жолымен оны қайтаруды талап етеді. Әрине, мұндайда жалға алушы жалға алу мерзімі аяқталмайынша оны қайтарудан бас тартуға құқылы. Сондықтан «заңды иеленуші», «заңсыз иеленуші», «адал ниетті алушы», «арам ниетті алушы» деген терминдер қолданылады. Вин-я объектісі барлық жағдайларда бәз қалпында сақталған, тек дербес күйіндегі белгілі бір зат қана бола алады. Мұндай талап қоюды тек бір мәрте болатын белгілері бар заттарға, бәз қалпында сақталмағанға байланысты виндикациялауға болмайды. Себебі, оның мазмұны нақты мүлікті иелену туралы талаптан туындайды. Негаторлық талап – бұл талап мүлікті иеленуден айыруға байланысты емес, мүлікті пайдаланудағы кедергілерді жою туралы талап. Меншік иесі, өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да талап етуге құқылы. Бұл талап бойынша сот меншік иесі мүлкін пайдаланғанда кедергі жасайтын тәртіп бұзушының әрекетін тоқтатуға және бұдан былай қайталамауға міндеттейтін шешім шығарады. М/ы: үй иесінің көршісі гараждың есігі ашылмайтындай етіп, топырақ төгіп тастаса, меншік иесі өз көлігін не кіргізе не шығара алмай қалады, бұндайда ол топырақты алып тастау туралы талап қоюға құқылы. Меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқығын қорғау. Тұлға меншік иесі болмағанымен оған мүлікті талап ету не негаторлық талап ету құқығы берілген,әдетте ондай тұлға бөтеннің мүлкін заң не шарт негізінде иеленеді. М/Ы: жалға алушы не сақтаушы т.б. Меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқығын қорғау иеленушінің мүддесі үшін ғана емес, ең алдымен меншік иесінің мүддесі үшін керек.

58. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттік тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi. Мемлекеттік тiркеу деректерi, соның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшiн - фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік регистрiне енгiзiледi. Заңды тұлға мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттік тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттік тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серiктестiктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.

Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]