Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

54. Меншік құқын ықтиярсыз негізде тоқтату.

Меншік құқығының тоқтатылуы:

Меншік құқығының тоқтатылу негіздері: - Ерікті; Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан және т.б. жағдайларда тоқтатылады. -Еріксіз: 1. Меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған ақы айналымға түскен; 2. Заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлік; 3. Реквизициялау; 4. Тәркілеу; 5. Жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру; 6. Күтімсіз ұсталған мәдени не тарихи қазыналар сатып алынған реттер;

55. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.

Азаматтық кодекстің 43 бабына сәйкес Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады. Ал Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады. Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi. Филиалдар мен өкiлдiктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұдғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

56. Бағалы қағаздарға құқықтық сипаттама.

ҚР-да бағалы қағаздар рыногын құқықтық қамтамасыз ету. ҚР бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР АК-нен және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 ж. 2-шілдедегі ҚР заңы мен ҚР өзге де нор-к құқық-қ актілерінен тұрады. Бағалы қағаздар шығарылымы және айналымы бойынша туындайтын қатынастар Азаматтық кодекспен (Жалпы бөлім), 2003 жылғы 2-шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заң және «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» жарлық және «Акционерлік қоғам туралы» заңмен , бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның құқықтық актілерімен, сондай-ақ заңға сәйкес өзге де актілермен реттеледі.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 ж. 2-шілдедегі ҚР заңы эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы,айналыста болуы, өтелуі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар р. субъектілерінің құрылуы мен қызмет ерекшеліктерін ретттейді, бағалы қағаздар рыногының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындайды. Бағалы қағаз-р рыногын мемлекеттік реттеуді ҚР Президенті айқындайтын уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі белгілі бір функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар мына негізгі қоғамдық функцияларды атқарады: -Ақша қаражаттарын экономика салалары, территория мен мемлекет, халық пен мемлекет арасында қайта бөлу; -Иелеріне қосымша құқық береді: капиталға, басқаруға қатысу, ақпараттар алуға, белгілі жағдайларда бірінші болуға; -Капитал салу арқылы табыс алуға не капиталдың өзін қайтаруға; Бағалы қағаздарға акциялар (жай, артықшылықты акциялар т.б.), облигациялар (купондық,дисконттық, қамтамасыз етілген (инфрақұрылымдық, ипотекалық), агенттік) және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және ҚР өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады. Оны иеленушінің (облигационердің) облигация шығарған тұлғадан (эмитенттен) онда көзделген мерзімде облигацияның атаулы құнын не өзге де мүліктік баламасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация ретінде танылады. Өз ұстаушысының (акционердің) АҚ-ның таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, АҚ істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады. Туынды бағалы қағаздар - яғни, құндары не бағалары базалық активтерге байланысты бейнеленетін бағалы қағаздар. Олар: опцион,своп,фьючерс,форвард. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша: құжатты және құжатсыз; эмиссиялық ж/е эмиссиялық емес; атаулы, ұсынбалы, ордерлік болып бөлінеді. Атаулы бағалы қағаз – ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз. Ордерлі бағалы қағаз – ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар заңда белгіленген тәртіппен берілген жағдайда, басқа тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз. Ұсынбалы б. қағаз- ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды кұсынушыға тиесілігін растайтын б. қағаз. Құжатты – құжатты нысанда (қағаз не өзге де материалдық жеткізуші) шығарылған бағалы қағаздар; Құжатсыз – құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]