Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

51. Жекеменшік түсінігі және оның түрлері.

Қр Конституциясының 6 бабында: «ҚР мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп жазылған. Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда – жеке және мемлекеттік екендігін тәртіптейді. Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретінде қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса(тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді. Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара (өзіндік) меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше, ол азаматтардың меншігіне деген жеке дара өзіндік (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет. Азаматтық кодекстің 191-бабында жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi анықтама берілген, ол бойынша: жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi. Қр Конституциясының бабы мен Азаматтық кодекске сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік – жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі. Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің – жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен жүзеге асады. а) пайда түсіруді көздемей және рухани қажеттілікті қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі ә) пайда түсіруге бағытталған жеке меншік. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіакерлік заңды тұлға құрылуымен, сондай –ақ заңды тұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай ақ жүзеге асады. Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның игілігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай –ақ бола береді, оны былайша айтқанда үлестік меншік және бірлескен меншік деп те атайды. Мысалы, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады. Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру –құқылық түрін қарастырады. Осыған байланысты мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы иституты шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоңамдардың (компаниялардың) меншік құқығы және кооперативтердің меншік құқығы деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]