Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

49. Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ертінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет: ұйымдық бірлік, мүліктік оқшауланушылық, дербес мүліктік жауапкершілік, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. З.тұлғаның азаматтық құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.Мүліктік оқшауланушылық заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады.Заңда тұлғаның мүлк оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп беруінен бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді.Заңды тұлғаның мүлк оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады.Заңды тұлғаның оқшаулану дәрежесі түрліше егер ол мемл кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.Ал келесі белгісі дербес мүлк жауапкершілік Азаматтық кодексте былай көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық жауапкершілік атқарадытұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы да, мемелекет те жауап бермейді.Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда мүлк,мүлк емес өзіндік құқықтарды иелену,міндеттер атқару, сотта талапкер мен жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.

50. Жеке мүліктік емес игіліктер, оларды қорғау.

Азаматтық заңдар мүліктік емес өзіндік қатынастардың екі тобын реттейді және қорғайды: мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар. Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар азаматтық құқық нормалары реттеп отырады, өйткені мүліктік емес өзіндік қатынастардың өмір сүруінің өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда болуының мүмкіндігі мен керектілігін көздейді. Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар азаматтық заңдар реттеп отырады, өйткені бұл заң актілерінде өзгеше көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды. Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар дегеніміз бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.Азаматтық құқықтар объектілеріне мүліктік игіліктермен және құқықтармен қатар, мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар жатқызылған: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір қасиеті, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпау құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз бұл мүліктік емес сипаттағы игілікке құқық. Мұнда экономикалық мазмұны жоқ және иесінің жеке бағасынан ажырағысыз, қолданыстаға заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игіліктер мен бостандықтарды мүліктік емес өзіндік құқықтар ретінде түсініледі. Құқық бұзған адамның кінәсіне қарамастан мүліктік емес өзіндік құқықтар қорғалуға тиіс. Алайда өзін қорғау туралы талап қойыған адам өзінің мүліктік емес өзіндік құқықтарының бұзылуы фактісін дәлелдеуге тиіс. Оның үстіне, жәбірленушіге мүліктік емсе өзіндік құқытарының бұзылуының зардаптарын жоюды таңдауқұқығын беретін маңызды ереже бар. Жәбірленуші өзінің қалау бойынша: құқық бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды, не құқық бұзушының есебінен өз бетінше қажетті әрекеттер жасауды, не олардың орындалуын үшінші жаққа тапсыруды талап ете алады. Ар намысты, қадір қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау азаматтар мен заңды тұлғаларды олардың ар намысына, қадіа қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін әр түрлі жалған өсектерден қорғаудың басты құралдардың бірі. Бұл жердегі ар намыс дегеніміз бұл адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі. Қдір қасиет дегеніміз адамның өз қасиеттеріне, қабілетіне, дүниетанымына, өзінің қоғамдағы маңызына өзі іштей беретін баға. Іскерлік бедел дегеніміз адамның іскерлік қадір қасиетіне қоғамдық пікір беретін тұрақты оң баға. Заң ар намысқа, қадір қасиетке, іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару жолымен жеке адамды қорғауды көздейді. Өзі жөнінде оның ар намысыны, қадір қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған азамат немесе заңды тұлға мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен қатар, мағлұматтар тарату арқылы келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Азаматтық заңдар бойынша ҚР азаматының жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келісімiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімiмен жариялануы мүмкiн. АК сонымен қатар,Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келісімiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келісімiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келісімiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келісімiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келісім талап етiлмейдi.

Азаматтың тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы да бар, яғни  Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйiне өзiнiң еркiнен тыс баса-көктеп кiрудiң кез келген әрекетiн тыюға құқығы бар. Қалған жағдайдың барлығында онда тұратын адамдардың еркінен тыс тұрғын үйге бас көктеп кірудің кез келген әрекеті заңмен жазаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]