Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

47. Қоғамдық бірлестіктің құқықтық режимі

Қоғамдық бірлестік – ҚР заңдарына қайшы келмейтін, ортақ мақсатқа жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым. ҚР-да саяси партиялар, кәсіподақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктер міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жалпы жиналыс шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, белсенділігі мен ынталылығын дамыту; адамдар өмірі мен денсаулығын сақтау, табиғи ортаны қорғау; мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу; патриоттық және адамгершілік тәрбие беру; ҚР заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылып, жұмыс істейді.. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады. Қоғамдық бірлестік түрлерінің бірі саяси партия. Саяси партиялардың өмір сүруінің негізгі принциптері Конституцияда айқындалған. ҚР Конс-да идеологиялық және саяси әр алуандылық жарияланған. Сондықтан азаматтардың бірлесу бостандығына құқығы бар. ҚР азаматы бір ғана саяси партия мүшесі бола алады. Саяси партия мүшелігінде болу ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерні шектеуге негіз бола алмайды. Саяси партия ақшасы мен мүлкі партия мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуы тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен реттеледі.

48. Меншік құқыцғы туралы түсінік және оның мазмұны. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]