Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

43. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану, азаматты өлді деп жариялау.

Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкiне сот шешiмiнiң негiзiнде қорғаншылық белгiленедi. Осы мүлiктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға мiндеттi адамдарды асырауға қаражат берiледi және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да мiндеттемелер бойынша берешегi өтеледi. Мүдделi адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлiктi сақтау және басқару үшiн хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жерi туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн де қорғаншы тағайындай алады.Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адам келген немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы және оның мүлкiне қорғаншылық белгiлеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.Азаматты өлдi деп жариялау Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн. Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшi немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемiнде екi жыл өткеннен кейiн өлдi деп жариялануы мүмкiн. Өлдi деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күн өлдi деп жарияланған адамның өлген күнi болып есептеледi. Өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлдi деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнiн оның өлген күнi деп тануы мүмкiн. Адамды өлдi деп жариялау туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазба жасалады. Бұл жазбаның нәтижелерi де нақты өлiм туралы жазбаның нәтижелерi сияқты болады.

44. Мемлекеттің және әкімшілік территориялық бөліністердің азаматтық құқықтыққатынастарға қатысуы.

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқару органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.

Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешедi.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерiнде және өзге де құжаттарында белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша арнаулы тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады.Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi.Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

 

Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады.

 

45. Меншік құқының пайда болу негіздері мен тәсілдері. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

…Азаматтардың меншік құқығы жалпы негіздер бойынша туындайды. Оның ең көп таралған түрі мәміле. Меншіктің туындауының басқа жалпы азаматтық негіздері мұра алу, акция диведенттері және басқа бағалы қағаздар және т.б. Бірақ, азаматтар меншігінің құрылуында «әлеуметтік» тәсілдердің де өзіндік үлесі аз емес. Әңгіме бұл жерде жәрдемақылар және қоғамдық тұтыну қорларынан, қайырымдылық қорларынан және басқа да көздерден төленеін төлемдер жайында. Айта кететін бір жағдай – нақты адамның меншік құқығы, әдетте, әртүрлі көздерден құрылады, мысалы, жалданбалы еңбектің ақысы, зейнетақы және қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс. Меншік құқығынаң негізіне әр сипаттағы қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену тәсіліне, азаматтар меншігі пайда болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігіне байланысты. Азамат материалдық игілікті бөлу және қайта бөлу процесінде де иемденеді. Сонымен қатар меншік жеке даралай немесе қоғамдық иемдену нәтижесінде туындауы мүмкін. Егер азамат өңдіруді өзінің немесе қандай да бір негізде басқадан алған өңдіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижеснде, жалпы ереже бойынша, дара еңбек меншігі немесе шағын жеке меншік туындайды. Егер өндіру құралдарының меншік иесі өндіріге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдаланатын болса, ірі жеке меншік пайда болу мүмкін. Азамат өзінің жалданбалы еңбегін өзі пайдаланса меншіктің дербес түрі құрылады. Өндіру құралдарның меншік иесі тек жекелеген адамдар ғана емес, жалпы қоғам да болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылатын мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдем ақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т.б. арқылы біртіндеп азаматтың меншігіне ауысады. Мұндай меншік өзіндік деп аталады. Егер меншік өндіру нәтижесінде емес материалдық игіліктерді бөлу не қайта бөлу нәтижесінде туындаса, ол кезде де дара меншік қатынасы туындайды. Бірақ бұл дара меншіктің негізіне меншік иесінің өндіргіш еңбегі алыгбайды. Меншіктің бұл түрлерінің айырмашылығы құқық өкілеттігінің көлемінде, не сипатында емес, туындау негізінде, әрекеттер аясында және нысандар шеңберінде. Заң азаматтардың меншіктің бір түрінен екіншісіне ауысуына кедергі келтірмейді. Өз мүлкін еркін пайдалануға конституциялық құқық және нарықтық қатынастардың өздері капитал ағымының бағытын жіне оның құтылу тәсілдерін анықтайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктердің бірігуіне болады. Мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып немесе ондай үлестер бергіленбей ортақ меншікте болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]