Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать
  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, элементтері мен ерекшеліктері.

Азаматтық құқықтық қатынастар – азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және қатысушылары өзара субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

Элементтері:

  1. Азамат-қ құқықтық қатынастардың субъектілері-субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие құқықтық қатынас қатысушылары.Олар:

  • Қазақстан азаматтары, шет елдік азаматтар, жеке азаматтығы жоқ тұлғалар

  • Қазақстандық жеке шет елдік  заңды тұлғалар

  • Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер

2. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері – пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т.б. жатады.

3. Азаматтық құқық мазмұны субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерден құралады. Суб-к құқық-құқық нормаларында қарастырылған мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Заңды міндет-құқық нормаларында қарастырылған қажетті жүріс-тұрыс шамасы. Құқылы не міндетті тараптардың бірі болмаса, құқықтық қатынас та болмайды.

Азаматтық құқықтық қатынас барлық құқықтық қатынастарға тән белгiлерге ие бола отырып, өзiне тән белгiлерiмен, яғни ерекшеліктерімен ерекшелендi. Бұл ерекшеліктер, бiрiншiден, азаматтық құқықты қорғау тәсiлi. Егер азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға кедергi келтiрiлген болса, онда азаматтық талап тәртiбiмен олардың еркiнен тыс және еркiне қарсы жүзеге асырылуы мүмкiн. Бiрақ сот тәртiмен қорғау тәсiлi арқылы азаматтық құқықтарға бiрдей қолданылмайды және оларға ғана тән емес. Екiншi ерекшелігі, азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негiздерi. Азаматтық құқықтық қатынастарды әдеттегiдей, өзiнiң пайда болу негiзi ретiнде қатысушыларының өз еркiмен көңiл бiлдiруiн айтамыз. Бұл ерекшелік те барлық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана тән болуы мүмкiн емес. Себебi азаматтық құқықтық қатынастар өз еркiмен көңiл бiлдiру нәтижесiнде болмаса да пайда болады. Мысалы, зиян келтiруге байланысты мiндеттемелер. Сонымен қатар азаматтық құқықтық қатынастар әкiмшiлiк актiлердiң негiзiнде де пайда болуы мүмкiн. Үшiншi ерекшелігi, көптеген азаматтық құқықтық қалыптар азаматтардың арасындағы қатынастарды реттейтiн диспозитивтiк сипаттағы қалыптар болады. Төртiншi ерекшелігі ретiнде азаматтық құқықтық қатынастардың тоқталуының ерекшелiгiн қарастырамыз. Жаңарту, есепке алу, қарызды кешiру, бiр жақты еркiн бiлдiру тағы басқа тәсiлдердi тек қана азаматтық құыққа тән.

  1. Азаматтық құқықтың әдісі.

Азаматтық құқық дегеніміз —азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады. Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады. Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп те қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]