Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
342.48 Кб
Скачать

35. Талаптың ескіру мерзімінің тоқтатыла тұруы, үзіліс жасауы және қайта жаңаруы.

Талаптың ескіруі адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысында ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі негізгі үш міндетті атқарады:

-азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдесдеседі;

-соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;

-шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.

ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім. Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленген. Талаптардың жекеленген түрлері үшін заң құжаттармен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдер белгіленуі мүмкін. Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайда ғана қолданылады. Мәселен, жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу – сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзімменсалыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді. Анаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережелерден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген талаптар үшін арнайы мерзімдер белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімнің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде қосымша талап бойынша талап қою мерзімі де аяқталады. Талап қою мерзімнің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Егер уәкілетті адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине , қоғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. Егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән –жайы бойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалған сәттен басталады. Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді. Мысал келтірсек: кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған күннен бастап кепіл болушыға немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі белгіленген, жекешелендіру процесі барысында жасалған сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі шартқа қол қойылған күннен басталады. Міндеттемелердегі адамдардың өзгеруі талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібіне әкеп соқтырмайды. Талап қою мерзімі көптеген жағдайларды басталысымен үздіксіз өтеді. Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюына кедергі жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта болады және талап қою мерзімін тоқтата тұру, үзу немесе қалпыына келтіру үшін негіз болады. Талап қою мерзімнің өтуін тоқтата тұрудың мәні бұзылған құқықтыты қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген талап қою мерзіміне есептелмейді. Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған мән-жайлар басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін және оның жаңадан басталатынын білдіреді. Талап қою мерзімін қалпына келтіру егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және үзілу негіздері заңда дәлме дәл көрсетілген блса, онда өткізіп алудың дәлелді себептерін анықтау керек. ЕРекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән жайлар бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Қалпына келтірк тек азаматттарға қатысты жүзеге асырылады. Оның үстіне, талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса, талап мерзімінің өтуі кезінде танылады. Ал салық кодексі бойынша ережелер: Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді және Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]